ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ВОЛОНТЕРЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ДЕН ҚОЮДА

13:54, 13 мамыр 2020

 

 

ДК: Биыл үкіметтік емес ұйымдардың көбі жұмыс істеу форматын өзгертті. Мәселен, қоғамдық және қайырымдылық қорлар волонтерлыққа бет бұрды. Осыған орай өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарға қосылған волонтерлардың саны артты. 

 

 

 

РКС: Бүгінде өңірде 718 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар 34 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Биыл аталған ұйымдар өз жұмысын волонтерлық негізге сүйене отырып ұйымдастыруда. Оған Арыстағы қару-жарақ қоймасында болған жарылыс, коронавирус пандемиясы мен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқыны сияқты төтенше жағдайлар ықпал етті.

 

СНХ: АСЛАН ЖҰМАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:///Қаладағы волонтерлық қозғалыстар төтенше жағдай кезінде көптеген отбасына үлкен қолдау танытты. Осы бағытта  жұмысты жалғастырып жатырмыз. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға әрдайым көмек көрсетіледі. Жүрегі жомарт жандар да бұл іске бей-жай қарамауда.

РКС: Мысалы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжі жанындағы «Аманат» волонтерлық орталығы қиын жағдайға тап болған 30-дан астамға көмек көрсеткен. Азық-түлік, киім-кешек пен жеке гигиналық заттарын 2 күн ішінде жинап, жеткізген. Ал «Рахат-Добро» орталығының белсенділері облыс орталығының 25 отбасын қамқорлықтарына алған. Мұндай жұмыстар Ақмола облысының аудандарында да жалғасуда. 

 

БИБІНҰР КӨКІРОВА, ОКСАНА МАТАСОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...