ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛДАҒЫ ДАМУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:15, 15 сәуір 2019

РКС: Қазақстанның Азаматтық Альянсы – үкіметтік емес сектордың мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйым. Бүгінде аталмыш бірлестік еліміздің барлық облыстарындағы аймақтық жүйелік құрылымдары арқылы 500-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Қоғамдық бірлестік жетекшісі Асылбек Қожахметов жергілікті азаматтық сектор өкілдерімен кездесуде оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, алдағы даму жолдарын талқылады. 

СНХ: АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ  ///.Ақмола өңіріне жасаған сапарымның басты мақсаты  - бұл облыс әкімдігімен азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша өзара түсіністікті жақсарту және Зерендіде ұйымдастырылатын жастардың «жазғы мектебі» жобасынның берер мүмкіндіктерін талқылау. «Жастар жылы» аясында өтетін жазғы мектепке еліміздің түкпір-түкпірінен 9 мыңнан аса жас клееді. Олар бастамашыл, белсенді жастар өкілі болып табылады. біз болсақ, олардың тың жобалары мен идеяларын тыңдап, олардың ішінен үздіктерін анықтау және оның жүзеге асырылуына қолдау көрсетуіміз керек. ///

РКС: Бүгінде «Ақмола облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығына» үкіметтік емес 26 ұйым кіреді. Олар азаматтық бастамаларды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру қызметін дамыту, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты бағыттарда жұмыс істейді. Кездесуде мемелкеттік қолдаусыз тұрақты дамудың тетіктері талқыланды.

СНХ: ИРИНА ТЕРЕНТЬЕВА, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ  ТӨРАЙЫМЫ /// 2019-2020 жылдары біз үкіметтік емес ұйым өкілдерінің тұрақты дамуы үшін қажетті тетіктерді анықтауымыз қажет. Өйткені, бүгінде мемлекеттік қолдаусыз, яғни, қаржыландырусыз дамудың мүмкіндіктерін қарастыру өзекті болып табылады. әлеуметтік мәселелерді шешу үшін құрылған ұйым болғандықтан, біз кәсіподақтармен, басқа ұйымдармен байланысымызды нығайтуымыз қажет. ///

РКС: Қазақстанның Азаматтық Альянсы – қайырымдылық көрсету мәдениеті мен волонтерлік қозғалысты қалыптастыру, әлеуметтік серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажет деп есептейді. Кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың алдағы дамудың тетіктері қарастырылды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...