ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛТ КЕЛБЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

15:10, 14 наурыз 2019

РКС: «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысты сақтап, тарихты жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе, дала фольклерының антологиясын жасап, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруы құптарлық мәселе,-дейді Жақсы ауданының маманы.

СНХ: ДИДАР БӨРІБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ: /// Атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүр ғой. Дастандары, эпостары, аңыз-ертегілер. Соның ішінде, халық әндері. Мақағали Мақатаев  айтқан ғой: Күпі киген қазақтың қафра өлеңін, шекпен жауып өзіңе қайтарамын деп. Міне, соған қазір көңіл бөлініп жатыр. Жаңадан музыкалық өңдеуден өткізіп халық әндерін, солай екі дауыста, үш дауыста шығарып жатса, әрине құба құп дейміз ғой.

РКС: Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бүкіл әлемге таралған бұл жәдігерлерді насихаттау үшін Мемлекет басшысы өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды екенін баса айтқан.

СНХ: БАҒДАГҮЛ СЕЙТАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: /// Үйде зейнетте отырсам да, мен бұл мақаланы оқығанымда қатты қуандым. Алманың атасы бізде, алма апорты бізден шыққан. Біздің аудан бойынша айтатын болсам, біздің мекутептердің барлығында музейлер бар. Тек аудан бойынша жоқ. Сол музей бізде ашылса жақсы болар еді. Аудан тарихын шертер мағлұматтар мен жәдігерлер бізде өте көп. 

РКС: Жалпы, Ел Президентінің «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласында халықтың көкейінде жүрген, шешімін күткен көптеген мәселелер қозғалған. Ел тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тəрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құруға шақырады. 

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
14:24, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...