ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ КЕМЕҢГЕР КЕЛБЕТІ

16:09, 10 тамыз 2018

РКС: «Назначенный временем»  атты көркем фильмі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, даму жолдарын саралап береді. Фильмде басынан аяғына дейін мұрағаттан алынған сирек кадрлар, қазіргі Қазақстанның көрінісі мен танымал тұлғалардың сұхбаттары әсерлі берілген.

СНХ: ЗУРА ШУАТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ /// Фильмнен алған әсерім өте зор. Елбасы бұл біздің елге, халыққа алланың берген сыйы деп білемін. Мен ол кісіні 19-жасынан танимын.Және осы орайда айтарым, ол туралы алғашқы фильм шыншыл болды, оның шынайы өмірі жолы баяндалды. Ал бұл фильмде біз оның өз жасына қарамастан алға қойған мақсатына жетудегі талпынысы, көшбасшылық қасиеттерінің зор екенін байқап отырмыз.  

 

РКС: Фильмде елордамыз Астананың тарихы, оның бүгінгі келбеті, бой көтерген зәулім ғимараттардың архитектурасы жайында да шебер баяндалады. Бір ерекшелігі Қазақстанның танымал саясаткерлерінен бөлек, Ресей, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швейцария сынды әлемнің алпауыт елдерінің көшбасшылары мен саяси элита өкілдерінің де пікірлері келтірілген.   

СНХ: ҚЫМБАТ МҰСТАФИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ Ол кісінң еңбектерін, ішкі дүниесін, барлығын жақсы ашып көрсетті. Біз әрбір нәрсенің қорытындысын ғана көреміз. Ол қорытындыға жету үшін, оған бір құжаттар шығару үшін ол үлкен еңбекті қажет етеді, біз тек қана оның нәтижесін көреміз. Ал соған қалай жету үшін, түнгі екі, үш, төртке дейін жұмыс істеп, әрбір елдің Президенттерімен сөйлесіп, корольдарымен сөйлесіп, бәрімен тіл тауып, жүрегімен араласқан үлкен тұлға. Президентті алла тағала жаратқанда маңдайынан сүйген.

РКС: Елбасының жүріп өткен дара жолы, оның көшбасшылық қасиеттері мен патриоттық рухы бүгінгі жастарға да үлкен үлгі-өнеге. Фильмнің премьерасына келген жас буын өкілдері де фильмнен үлкен әсер алғандарын жеткізді.   

СНХ: ЕСДӘУЛЕТ ҚАЛЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///Елбасы жайындағы әрбір фильм ерекше мазмұнды, біз сияқты мемлекеттік қызметшілерді үлкен істерге шабыттандырады. Мемлекеттің, облыстық мүддесі үшін жұмыс істеуге ынталандырады. Біз, жастар бүгінде Елбасынан үлгі аламыз, оған еліктейміз. 

РКС: Фильмде Елбасының балалық шағы, отбасы, саяси қызметі жайында баяндалып, оның туған еліне, Қазақстанға деген сүйіспеншілігі ерекше көрсетіледі. Айта кету керек, фильмді көруге мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметшілері, өңірдің  зиялы қауым өкілдері мен түрлі сала ардагерлері келді.

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар