ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ҰЛТ РУХАНИЯТЫ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

15:39, 20 қаңтар 2020

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи терең, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалын көпшіліктің рухын асқақтатып бір серпілтіп тастады. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихына және мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар әр қазақстандыққа ерік-жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз.

Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында Алматы апорттың отаны екенін және оның Алатаудың баурайында өсетінін мақтанышпен айтты. Бүгінде оны біз ғана емес, әлемнің азуын айға білеген, мүйізі қарағайдай ғалымдары дәлелдеп, Алатаудың баурайы алма ағашы мен қызғалдақ гүлінің алғашқы өсіп шыққан жері болғаны ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, мойындап отыр. Облыс орталығындағы №17 орта мектептің ұстаздары арнайы  биология сабағында оқушыларға алма мен қызғалдақтардың тарихы мен түрлері жайлы ашық сабақтар мен арнайы практикалық жұмыстар жүргізуді дәстүрге айналдырған.

ДИНАРА ЖОЛДЫБАЕВА, №17 ОРТА МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Тұңғыш Президент Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы одан бұрын жарық көрген  «рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп білеміз. Мақала аясында № 17 орта мектеп гимназиясында көптеген шаралар өткзіліп жатыр. Ағымдағы жылдан бастапта жаңа іс-шаралар жоспары құрылды. Қазақстан – қызғалдақтар отаны. Осы бағытта біздің ұстаздар  биология және химия сабақтарында оқушыларға практикалық тұрғыда көп мәліметтер беріп жатыр.

Бағдарламалық мақалада Ұлы даланың ұлы есімдерін ардақ тұту әрі олардың көркем бейнесін туындылардан кеңірек қарастыру жағы айтылған.   Ұлы қайраткерлердің көркем әдебиеттегі образы, жасаған ерліктері бүгінгі жас ұрпақтың бойына жігер дарытып, рухты шабыт сыйлары сөзсіз.

РИЗАГҮЛ ДАУКЕНОВА, №17 ОРТА МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықты бір серпілтіп тастады. Әсіресе, еліміздің  бай мұрасын, табиғи байлықтарын ашып айтты. Жастар осыны білу керек. Барлық бағытымен танысып шықтым.  Алматы – алманың мекені, атқа міну дәстүрі, металлургия тағы басқа өзекті мәселелер қамтылған.

Ғасырлар бойы  уақыт елегінен өтіп ұрпақтан ұрпаққа жеткен, бабалардан қалған мәдени мұра – ең асыл құнды қазынаның бірі. Бүгінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының төл тарихын тың көзқараспен зерттеуге жол салып отыр.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...