ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛТ РУХАНИЯТЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР

15:06, 15 наурыз 2019

РКС: Елбасының бағдарламалық мақаласы жарық көргелі университет қабырғасында  ірі этнографиялық экспедициялар мен төл тарихты тануға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын жүйелі түрде жүзеге асыруға айырықша назар аударыла бастады. Осы орайда «Ақмола облысының ұлы тұлғалары», «Абылай хан», «Ұлы дала жастары», «Алаш және қоғам қайраткерлері» атты ауқымды  жобалар қолға алынған. 

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ /// Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты үлкен бағдарламалық мақаласы рухани өмірімізге, кеңістігімізге үлкен тыныс беріп отыр. Бұл көп жылғы қоғамтанушылар мен философтардың, мәдениет, әдебиет танушылардың, фольклор музыкатанушылардың, қысқасы руханият пен өмірге қатысты қордаланған мәселелерді, халыққа қатысты болғандықтан зор резонанс, зор серпіліс тудырып отыр. /// 

РКС: Ұлт тарихын танып, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, тұтас қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған Елбасы мақаласының ең алдымен өскелең ұрпақ үшін мәні мен маңызы орасан.  

СНХ: ГҮЛДЕН ТІЛЕУБЕРДИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ /// Қазіргі мақсат - ұлттық құндылықтарды, ұлттық тарихи мәдени мұраларды жаңаша тың көзқарастар тұрғысынан зерттеу зерделеу болып отыр. Біздің зерттеу еңбектеріміз ақын - жазушылар, халық батырлары болсын олардың шығармашылығына қатысты дүниелердің барлығы осы Елбасы бағдарламалық мақаласының аясына сияды. ///

РКС: Төл тариx тамырынан нәр алып, опық жеген замандардан тағылымды ой түйіп, нәтиже шығара алған ұлттың ғана болашаққа бағдары айқын. Тариxи саясаты мығым елдің идеологиясы да қуатты әрі нәтижелі болады. Бұл мәселені «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы егжей-тегжейлі атап өтті.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
14:24, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...