ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН!

16:18, 11 тамыз 2017

Серік Кәкенов 1953 жылы Степняк қаласында дүниеге келген.

Серік Кәкенов 1953 жылы Степняк қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Қарағандыдағы медициналық институтты бітіреді. Дәрігерлік қызметті таңдауына анасы себепші болған. 12 жылдан бері осы қалалық ауруханада қызмет  істейді.

Ақ  халатты  абзал  жанның  жеткен  жетістіктері де аз емес. Ол 2011 жылы еліміздің денсаулық сақтау саласының ең үздік менеджері атағына ие болған. Бүгінде өзі жұмыс істеп жатқан аурухана 2012 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ауруханалардың бірі болды. Бұл да болса білікті басшының қажырлы еңбегінің арқасы. Серік Кәкеновты емделушілер де ерекше құрмет тұтады.

Серік Кәкенов тек медицина саласына ғана емес, бұдан өзге де істерде белсенділік танытып жүрген азамат. Халық қалаулысы бола жүріп, тұрғындардың мұң-мұқтажына ұдайы назар аударып келеді. Облыс орталығының бірнеше көшелерінің жөнделіп, ауыз су құбырларын жаңарту,  жолдарды қалыпқа келтіру ісінде депутаттық сауал жолдап, кейіннен бұл жұмыстар жүргізілген. Атаның баласы емес, адамның, халықтың баласы деген осы болса керек-ті.

Айгүл Мырзағалиқызы


 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...