ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ

19:06, 18 маусым 2019

РКС: Республикалық киелі жерлер картасына Ақмола облысының 10 мәдени ескерткіші енгізілген. «Ел жастар» эксперименталды-лабораториялық театрының алаңында тәжірибелік орталығы да ашылды. Осылайша, әр ақмолалық тұрғын «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесін қосып келеді,-дейді кездесу қатысушылары.

СНХ: ҒАЛЫМ ШОЙКИН,  ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: /// «Туған жер» жобасы шеңберінде демеушілер көмегімен 10 миллиард теңге қаржыға 2 мектеп, 1 балабақша, 22 спорттық алаң, 8 мәдени орталық, 13 тұрғын үй, 4 балалар алаңы салынды. Облыс бойынша барлығы 65 әлеуметтік нысан бар.

РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің белгілі әдебиеттанушысы геологтар, тарихшылар мен әдебиетшілердің ғылыми зерттеулері өлке тарихын зерттеуге бағытталған жүйелі жұмыс екенін айтуда.  

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:   ///Иә, географтар, тарихшылар, әдебиетшілер жас магистарнтарды бір арнаға жұмысдыру барысында жүйелі жұмыс жасады. ...

РКС: Ұлттық бірегейлікті сақтаумен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өңірде бәсекеге қабілетті болу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, 2018 жылдан бері өңірдің 560 мектебінде ІТ сыныптары ашылды. 3-ші және 9-шы сыныптардың оқушылары робототехника ілімін игеруде. Егер, 2017 жылы өңірдегі мұражайлардың саны 210 болса, онда қазір олардың қатары 230-ға жеткен. Облыстық білім басқармасының өкілдері мектептерде жүргізіліп жатқан өлкетану жұмыстарына кеңірек тоқталды.  

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: ///

РКС: Сананы рухани жаңғырту мақсатында жарыққа шыққан кітаптар мен библиография жинақтары аз емес. Атап айтар болсақ, Кеңес Одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағы, «Ұлы даланың мақтанышы» атты кітап-альбомы, профессор Қадыржан Әбуовтың «Ақмола облысының тарихшылары мен мәдениет қайраткерлері» атты библиографиялық очеркі, жазушы-публицист Жабал Ерғалиевтің шығармалар жинағы мен «Ақмола облысы-жер жәннаты» атты кітап үш тілде аударылып, жарыққа шығарылған.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...