ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

19:40, 20 мамыр 2020

ДИКТОР: Бурабай ауданындағы 200-ден артық мектеп бітіруші түлек ұлттық бірыңғай  тестілеуге  тапсырмақ. Щучинск қаласындағы №2 орта мектепте ұлттық тестілеу өтетін орындар дайындалуда.  Бұдан бөлек «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы 2 білім беру ошағында  күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

РКС: Бурабай ауданында жалпы білім беретін 44 мектеп бар.  Онда 10303 оқушы оқиды. 272-сі биыл алтын ұясымен қоштаспақ.   30 оқушы  «Алтын белгіге» , 8-і үздік аттесттат алуға үмітті. Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 20-сында өтеді. Қазір ауданда дайындық белсенді жүргізілуде.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ  ТӨЛЕГЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/ Білім бөлімі мен Щучинск қаласындағы №2 мектеп базасындағы тестілеу бөлімшесінде дайындық жүруде. Мұнда аудитория, аудан оқушыларының тест тапсыру орнын дайындаумыз. Ол үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге қажетті бейнебақылау камералары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кезекші мұғалімдер дайындау  үшін барлық  жағдай жасалды.

РКС: Қашықтан оқу кезінде білім бөлімі отбасылар мен мұғалімдердің техникалық жарақтануын анықтап, мониторинг жүргізді.  Осы уақытта жалпы саны 120 компьютер табысталған.  Ұлттық  бірыңғай тестілеуге дайындықтан бөлек аудандағы  екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.

СНХ: ҚУАНЫШБЕК ШАЯХМЕТОВ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫ №6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ// РУС// Жөндеу жұмыстарын оқу жылы басталғанға дейін жылдам түрде аяқтасақ деп жоспарлап отырмыз. Қазір бөлшектеу жұмыстары  жүргізілуде. Барлық инженерлік желілер, мектеп алды, шатыр жөнделеді. Ол үшін облыс әкімінің қолдауымен 400 млн 572 мың теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын белгіленген уақытта бітіріп, жаңа жиһаз да сатып аламыз деп ойлаймын.

РКС: «Жұмыспен  қамтудың жол картасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. 11 мамырда қолға  алынған  жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, АЙЖАН СЕЙТКАЗИНА,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар