ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАЙТЫН «ЭКСПО»!

16:45, 14 шілде 2017

Астана, Ресейдің, Бразилия мен Түркия мемлекеттерінің туристері табиғаты сұлу, кербез Көкшенің Бурабай жеріне дейін 300 шақырымдай жол жүріп келді.

Астана, Ресейдің, Бразилия мен Түркия мемлекеттерінің туристері табиғаты сұлу, кербез Көкшенің Бурабай жеріне дейін  300 шақырымдай жол жүріп келді. Ат үстіндегі саяхатшылар алдымен Абылайхан алаңына келіп, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті. Бұдан кейін оларды көкшетаулықтар  әуелеген әнмен, күмбүрлеген күймен қарсы алып, Бурабай ауданының құрметті азаматы Төлеген Жақияұлы ақ батасын берді.

Этноауылда салт атпен келген туристерді қазақтың дәстүрі мен  салтын таныстыратын жәдігерлердің, ұлттық бұйымдардың бәрі кездеседі. Көздің жауын алатын ұлттық аспаптар, ыдыс-аяқтар, киім үлгілерінің түр-түрін осы жерден таба аласыз.

Қазақ елінің тарихын білсем деп келген саяхатшылар осылайша қоржын толы ақпаратқа, сый мен сияпатқа ие болып, үлкен қошеметке бөленді. Қазақтың қонақжайлығы қашан да кең екенін ұлы Дала елі тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айгүл Мырзағалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...