ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯНЫҢ 70 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19:32, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері төтенше жағдай кезінде алғы шепте жүргендердің бірі.  Олардың басты міндеті – қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз ету. Отан Қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына  орай  5510  әскери бөлімінің үздік қызметкерлері марапатталды.

 

РКС: Абылай Төрекеш Ұлттық гвардияда әскери борышын өтеп жатқанына жарты жыл ғана. Төтенше жағдай  кезінде қызметтестерімен бірге алдыңғы шепте жүрді. Ол жастарды әскери қызметтен қорықпауға, патриот болып, қоғамға пайда әкелуге  шақырады.

 

СНХ: АБЫЛАЙ ТӨРЕКЕШ, 5510  ӘСКЕРИ  БӨЛІМІНІҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРІ///ҚАЗ// Төтенше жағдай кезінде біздің қызметіміз де күшейе түсті. Көше күзетеміз,  тұрғындарды   карантин режимін бұзбауға, маска киіп жүруге  шақырамыз, Бүгінде көп жігіттер әскердің не екенін түсінбейді. Ал мен оларды әскери қызметтен қашпауға шақырамын. Отан алдындағы борышымызды абыройлы атқаруымыз керек.

 

РКС: Абылай облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда лайықты қызмет атқарды. Мұндай жұмысты олар тек төтенше жағдай кезінде ғана емес, жай күндері де орындайды. Әскери қызметін адал атқарған қызметкерлерге «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін»  төсбелгісі берілді. Карантин аяқталған соң бұл төсбелгілер Көкшетауға жеткізіледі.

 

СНХ: ҰЛЫҚБЕК ҚАРАЕВ,  5510 ӘСКЕРИ  БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// РУС/ Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлеріне  мінсіз қызметі үшін Ішкі Істер Министрлігі атынан медаль табысталып отыр. Сондай-ақ карантиндік шаралар кезінде біздің әскери бөлім қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, карантин режимін сақтауға,  Көкшетауда, Атбасар, Саумалкөл, Гранитный елді мекендерінде, түзету колонияларында  дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге қатысты.

 

РКС: Айта кетейік, «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен және мақтау қағаздарымен әскери бөлімнің  жеке құрамынан 70-ке жуық қызметкер марапатталды. Олардың арасында офицерлерден бастап қатардағы жауынгерге дейін бар.  

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, НУРСУЛТАН ИБРАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...