ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАР - ШАҺАР КӨРКІ!

17:57, 14 қараша 2017

«Дизайн сити» серіктестігі қала бойынша екі жерге ұлттық нақыштағы суреттерді бейнелеп салған. Алғашқысы - Горький көшесінің бойында орналасқан үйлердің біріндегі мына композиция. Мұнда Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағы, Егемен елдің жетістіктері, халықтар бірлігі мен татулығы, тұрақтылық тәрізді асыл құндылықтар сипатталған. Бұл суреттер «стрит-арт» композициясы деп аталады. Яғни, заманауи сызу өнеріндегі барынша ашық түстермен салынатын ерекше бағыт.  

Екінші композиция Абылай хан даңғылындағы үйлердің біріне салынған. Мұнда  ұлттық киім киген қазақ қызы мен Ұлы даланың қасиетті жануары - жылқының бейнесі өрнектелген. Осы арқылы тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді тұрғындар арасына кеңінен насихаттау мақсаты болған. Қазіргі уақытта бұл ерекше суреттер 170 мыңға жуық халқы бар Көкшетау қаласының көркін келтіріп тұр.

Мамандар ұлттық нақыштағы көріністерді бейнелеу үшін адамдар көп жүретін жерлерді таңдап алған. Атап өту керек, қала ішінде ерекше композицияларды салуға 2,5  жарым миллион теңгеге жуық  қаржы жұмсалған.

Нұргүл Нұрбайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК
18:43, 19 қаңтар 2018
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК
Толығырақ...
«НҰР ОТАН». СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ІНДЕТІ!
18:43, 19 қаңтар 2018
«НҰР ОТАН». СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ІНДЕТІ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...