ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ. ТӨЛ ТАРИХҚА ТҮРЕН САП...

16:09, 10 тамыз 2018

РКС: Ұлттық әдебиет пен өнерге өзіндік қолтаңба қалдырған Балуан Шолақ есімі көпшілікке жауырыны жерге тимеген палуан, әнші-композитор ретінде белгілі. Десек те, ол жайында білетін аға буын өкілдерінің қатары сиреген сайын, атадан балаға аманат етілген құнды мәліметтер бір кездері көмескі тартып, іздеушісіз қалған еді. «Рухани жаңғыру» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстар осы бір олқылықтың орнын толтыруда. Мәселен, Көкшетауда ұлттық спорт мектебіне Балуан Шолақ есімі берілген.  Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылында да санқырлы өнер иесінің есімі жаңғырту ерекше назарда. 

СНХ: НАЙМАН СҰЛТАНБАЕВ, БАЛУАН ШОЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ///Осы «Рухани жаңғыру» аясында, «Туған жерге туың тік, Туған жерге тағзым» аясында саябақ ашу жоспарлануда.+12-20+Осы «Рухани жаңғыру» аясында өзіміз жиналыс ашып, соның жетістігі деп білемін, мешіт салуды бастап кетті бір жігіт. Тағы екі азамат спорт кешенін бастаймыз деп отыр. Сосын ауылдық жеке кәсіпкер кіре беріске арка соқты.

РКС: «Рухани жаңғыру» жобасының маңыздылығын белгілі жазушы, «Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық –саяси қозғалысының жетекшісі, аты аңызға айналған «Құлагер» ескерткішінің авторы Сәдібек Түгел де жоғары деп бағамдайды. Танымал тұлға кез келген елдің дамуында экономика мен рухани құндылық қыранның қос қанатындай қатар дамуы тиіс деп ой түйеді.  

СНХ: СӘДІБЕК ТҮГЕЛ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ/// «Рухани жаңғырудың» шығуы  рухани біздің азғындалу, рухани қаңғыру, рухани бір бей-берекетсіздік солар көрініс таба бастады. Міне, олар бізді қынжылтатын. Жүрегімізді ауыртатын. Міне, осыны Елбасы өзінің көрегендігімен, кемеңгерлігімен дөп басып, дер кезінде шығарып отыр. Сондықтан, мұның біздің ұлтымыз үшін, ұлттық руханият үшін маңызы өте зор.

РКС: Шынымен де «Рухани жаңғыру» мақаласының басты көздегені – ұлтымыздың кешегі мен бүгінінің арасындағы байланысты үзіп алмауы. Өйткені, Ұлы Даланың  дамуында бұл дәнекердің деңгейіне ерекше ден қойылып отыр.

Ә. ҚАМАТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...