ШҰҒЫЛ! ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ СПОРТҚА ЖАСТАР КӨПТЕП ДЕН ҚОЮДА

16:24, 29 қараша 2019

 


Тұңғыш Президент күніне орай облыстық кәсіптік және техникалық жалпы білім беру колледждерінің арасында төл өнеріміз - қазақ күресінен «Кезең» спартакиадасы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған додаға 120-дан астам жас палуан қатысып, боз кілемде күш сынасты.

Облыстық дене тәрбиесі және оқу-әдістемелік орталығының мұрындық болуымен өткен додаға 14 командадан құралған 120-дан астам жас палуан қатысты. Бұғаналары әлі бекімесе де, жеңіске жұлқынып тұрған палуандар қазақ күресінің өзіне ғана тән әдіс-тәсілдерін шебер қолданып, жарыстың көркін қыздыра түсті. Палуандар 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Ең жеңіл салмақ 50 келі болса,  тиісінше 90 келіден жоғары салмақтағы алыптардың айқасы да тартысқа толы болды.

АМАН ЕРМҰҚАНОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің палуандар өздерінің барлық күш-жігерлерін салып күреседі деген ойдамын. Бұл жарыстан кейін барлық колледждер қазақ күресін қолға алып, үйірмелер ашып немесе жарыстар ұйымдастырса деген ойдамын. Себебі, қазақ күресі әлем қызыға қарап отырған ұлттық спортымыздың бірі. 

Жас палуандардың арасында ертең елдің намысын «Әлем барысы» сынды байрақты бәсекелерде лайықты қорғай алатын азаматтар жетерлік.  Соңғы жылдары ұлттық өнерге деген қолдау ерекше, ендігі сәтте палуандардың тынбай еңбектенуі керек. 

РАМАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ)

50-ші салмақ дәрежесінде күресемін. Қарсыластарым мықты дегенмен де бірінші орынға таласатын боламын. Ерейментауда спорт мектебінде оқыймын. Төрт жылдай болды қазақ күресімен шұғылданып жүргеніме.  

Белдесулердің қортындысына сәйкес,  жалпы 14 команданың ішінен  Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің палуандары күмісті қанағат тұтса, азаматтық қорғаныс жоғары
көпсалалы колледжі күміс жүлде иегерлері атанды. Палуандарының жауырыны жерге тимеген жоғары техникалық колледжінің өрендері жарыс жеңімпаздары  деп танылып, марапаттар мен бағалы силықтарға қол жеткізді.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
19:48, 12 тамыз 2020
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛД...
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
19:46, 12 тамыз 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...