ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 27 ЖЫЛ!

18:08, 11 қаңтар 2019

РКС:  Құқықтық тәртіп  әскері – мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігінің қалқаны. 27 жыл ұландықтар өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай орындап келеді. Іс-шара барысында жауынгерлік қызмет атқаруда қырағылығымен көзге түсіп ерекшеленген әскери қызметшілер және Ұлттық ұлан ардагерлері өңірлік қолбасшылықтың грамоталарымен, «Құқық қорғау әскеріне 27 жыл» төс белгілерімен марапатталды.

СНХ: АСҚАР ФАЙЗУЛИН, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ /// 5510 әскери бөлімі  облыстық полиция департаментімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде  айқын рөл атқарып келеді.Сонымен қатар,Ұлттық Ұлан сарбаздары облыстағы түзету мекемелерінде әскери борыштарын өтеуде.Оның ішінде Гранитный кенті,Саумалкөл және Атбасар қаласындағы темір торға тоғытылғандарды қырағылықпен күзетуде. Күштік құрылымдар ішінде алғаш құрылған бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланның төл мерекемесімен әскерилерді шын жүректен құттықтаймын.Бастысы еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

РКС: 27 жыл бойы бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Отан алдындағы міндеттерін атқаруда сенімге селкеу түсірген емес. Ұлттық ұлан атқаратын барлық тапсырмалар жауынгерлік сипатқа ие. Жылдар бойына Ұлттық ұланда Отанға адалдық, оны қорғауға әрқашан дайын болу, жоғары жауынгерлік әзірлік, әскери антқа адалдық, қырағылық, жауынгерлік шеберлікті үнемі жетілдіру, тәртіп пен әскери достықты нығайту сынды өзіндік дәстүрлер қалыптасты.

СНХ: ӘСЕТ ДӘРІБАЙ , ҚАТАРДАҒЫ САРБАЗ /// Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөліміне Маңғыстау облысы,Ақтау қаласынан әскери борышымды өтеуге келдім.Бүгін Ұлттық Ұланның құрылғанына 27 жыл толып отыр.Біз сарбаздар күнделікті жауынгерлік міндеттерді орындаймыз.Сіздерді ҚР Ұлттық Ұлан күнімен шын жүректен құттықтаймын.

РКС: Мерекелік кеш соңы көтеріңкі көңіл күй мен арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен түйінделді.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар