ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

«ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ» ҚҰРЫЛҒАНЫНА 28 ЖЫЛ!

17:33, 10 қаңтар 2020

Бүгін «Ұлттық ұлан» Ұлттық гвардиясының құрылған күні! Аталмыш әскери құрылым тура 28 жыл бұрын, дәл осы күні, тікелей Елбасының Жарлығымен құрылған болатын. Ел тыныштығын күзететін айбынды, рухты оғландардан құралған әскердің жыл санап әлеуеті артып келеді. Бүгінде құқықтық тәртіп әскері аймақтың ішкі қауіпсіздігінің қалқанына айналған. Кәсіби мерекеге орай өңіріміздегі 5510 әскери бөлімі салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

 «Шақырған бізді баба жолдары,

      Ұлттық ұлан қайсар ұлдары.

      Құрыштай  білек,тайсалмас жүрек.

          Қаһарман батыр – елдің қорғаны». Ұлттық ұлан сарбаздарының сапта тұрып айтар ұраны осындай. Бұл жауынгерлерге жүктелетін міндет бөлек. Ел тәуелсіздігінің тұтастығын, халықтың тыныштығы мен бейбіт тірлігін кірпік қақпай күзетіп, қорған болған Ұлттық ұланның бүгінде айбыны асқақ!

ҰЛЫҚБЕК ҚАРАЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен оның орнбасарларын және басқа өңірдегі барлық офицерлер мен сарбаздарды бүгінгі кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Мерекеге орай ел тыныштығын күзетуде елеулі еңбек етіп жүрген әскери бөлім офицерлеріне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құттықтау хаты табыс етілді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлім командирі атынан ардагерлер мен офицерлерге және сарбаздарға алғыс хаттар табысталды. Өңірдің әскери-патриоттық жұмысын насихаттау бағытында нәтижелі жұмыс атқарып жүрген «Көкше» телеарнасының қызметкерлеріне де алғыс хат берілді.

МЕЙІРБЕК САПАРБАЙ, САРБАЗ

Мен Ұлттық ұлан сапында әскери борышымды атқарып жүргеніме қуаныштымын. Мен үшін бьұл үлкен абырой. Себебі, Ұлттық ұлан – елдің бейбіт өмірін қамтамасыз ететін әскери құрылым. Барша әскери қызметкерлерді бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен  құттықтаймын!

Бүгінде 5510 әскери бөлімінде мың жарымға жуық офицер мен сарбаз Отан алдындағы борышын адал атқаруда. Салтанатты кеш мерекелік көңіл-күйге ұласып, өңіріміздің дарынды ұл-қыздары ел іргесін қорғап жүрген әскери қызметкерлерге арнап, ән-жырдан шашу шашты.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  САБЫР ҚҰЛАТАЙ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...