ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ҰЛЫ АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛАҒАТТЫЛЫҚ ӘЛЕМІ

19:37, 10 тамыз 2018

РКС: Абай Құнанбаевтың 173-жылдығына орай ұйымдастырылған поэтикалық кеш ақынның шығармашылығын жастардың арасында насихаттауға бағытталған. Ең алдымен мектептеп оқушыларына ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көркем фильм ұсынылды. Одан кейін ақынның поэзиясына саяхат жасалып, оқушылар мен студенттер оның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. СНХ: ДАНАРА ОРАЛБАЕВА, СТУДЕНТ Абайды оқымайтын қазақ жоқ, Абайды тек бізідң Қазақстан емес, барша әлем оқиды. Абайдың өлеңдері жастарға тек қана ізгілікті, ізденімпаздықты, өз дәуірінде шығарған өлеңдердің барлығы шындықты, әділдікті астарлап айтады. Өз басым Абайдың өлеңдерін әрине сүйіп оқимын. Абай оқуларына қатысқан кездерім болды.

РКС: Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға арнап Абайдың кітаптарынан «Әлем таныған Абай»  атты көрме бұрышын әзірлеген. Олардың айтуынша, бүгінде ақынның еңбектері жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Ал кітапхана қоры үнемі жаңа басылымдармен толығып отырады.  

СНХ: АЙНАШ ЕРУБАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ Ұлттық құндылығымызды, рухани байлығымызды насихаттау мақсатында өтіп отыр. Біздің ұлттық кодымыз, ұлттық құндылығымыз ол не? Яғни біздің әдебиетіміз, мәдениетіміз, бізідң өлеңіміз, біздің сөзіміз, яғни дана халықтың сөзі. +скл+ Абайдың шығармалары әлі де сұранысқа ие, сондықтан Абай мәңгі деп айтамыз. Оның кітаптары әлі де басыла береді, жаңартыла береді және де аударыла береді.

РКС: Бүгінде Абайдың шығармалары Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал. Оның еңбектері көптеген тілдерге аударылған. Ақмола облыстық кітапханасында түпнұсқадан бөлек, оның ағылшын, орыс, француз, араб тілдеріне аударылған нұсқалары да бар. 

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
15:12, 18 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
15:12, 18 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
15:12, 18 қазан 2018
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
17:58, 12 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
Толығырақ...