ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ

17:06, 13 қаңтар 2020

 


Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында аймақтағы мектептер мен тарихи-өлкетану музейлерінде тарихи - археологиялық қозғалысты құру туралы бастама көтерілген болатын. Игілікті шара өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Туған өлке тарихын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында қолға алынған игі бастаманы ақмолалық ұстаздар қауымы толықтай қолдайды.  

Арқаның әр тасы - тарих, әр көлі бір сыр. Көрікті мекенде тарлан тарихта есімі алтын әріптермен жазылған тау тұлғалар қаншама. Өңірдің өткенін сабақтайтын  облыстық тарихи - өлкетану мұражай қабырғасында тарихи - археологиялық қозғалысты құрудың мәні мен маңызы орасан. Ұстаздардың пікірше, өз кезегінде бұл жұмыстар жас буынның жүрегіне ұлттық рухтың шуағын төгіп, отансүйгіштік сезімнің дәнін себуге сүбелі үлес қосатын болады.

МӘДИНА ХАСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Елбасымыздың стратегиялық мақаласының аясында іс-шаралар қолға алынып отыр. Мұның барлығы ұлт болашағы үшін ел болашағы үшін еліміздің ертеңін қолға алатын тізгінін бүгінгі күнде қолға ұстап отырған оқушыларымыздың бойында асыл қасиеттерді жинақтап, дарытып  рухани азық беретін рухани байлық беретін сондай тәрбиені қалыптастыру мақсатында мүмкіндік тудырады деп ойлаймын.

Ұлағатты өлкенің ұлттық болмысы мен рухани құндылықтарын заман талабына сай паш етіп отырған облыстық тарихи - өлкетану мұражай қызметкерлері ел тарихын екшеп, келушілердің көкірегіне көрікті ой салып, тәрбие тағылымын танытып келеді.

АНАР ДҮЙСЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ  

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл біздің кешегі өткеніміз бен бүгінгіміз және келешегіміз. Дәл осы ұлы далада адамзат атқа міну мен салт аттылық мәдениетіне қол жеткізді. Ақмола өңіріндегі Ботай мекенінде ең алғашқы атты қолға үйрету ісі қолға алынғанын ғалымдар дәлелдеп берді. Орта ғасыр дәуіріне арналған залда Ақмола облысының аумағында археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған күміс тиындар, Тан әулеті дәуірінің қола айнасы, көшпенді жауынгердің сауыт сайманы, Алтын орда кезеңіне жататын жебе ұштары, сондай-ақ қазақ хандығына қатысты көптеген көне жәдігерлерді көруге болады. ///

Биылғы жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражай қабырғасындағы тарихи-археологиялық қозғалыс құрудың нәтижесінде ақмолалық оқушылар Қорғалжын ауданында орналасқан Жәнібек-Шалқар кесенесін зерттеу, зерделеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алмақ. Айта кетейік, ғалымдардың болжамы бойынша бұл жерде қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек хан жерленген. Әлемдік мәдениет пен ақпарат мидай араласып жатқан жаһандану заманында, қазақ ұлтының бет-бейнесін әлемдік өркениет алдында айқындап, таныта білу бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндет.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...