ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА РУХАНИЯТЫ – ҰЛТ ЫРЫСЫ

14:11, 16 мамыр 2019

РКС: Мақалада келтірілген дәйекті деректер мен мәдени мұралар ұлттың әлем өркениетіндегі орнын айшықтауға бағытталған үлкен қадам іспетті. Қаймана қазақ халқының  қаншама ғасыр өтсе де діттеген мақсаты мен көздеген мүддесінің өзгермегендігі маңызды құжатта айқын көрініс тапқан.

СНХ: ӘСЕМ НҰРЛАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ////// Мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысып шықтым. Бұл құжатты әрбір қазақстандық жетік білуі тиіс деп есептеймін. Бұл мақала тек тарихи құндылықтарды білумен шектелмей, тарихи сананы жаңғыртудың тәсілдерін ұсынуымен құнды. Елбасының бұл бастамасына атсалысу – әрқайсымыздың қастерлі міндетіміз.

РКС: Тарихи маңызы  зор мақала ұлы дала ойшылдарының болашақ ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұраларын тереңірен зерттеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы қазақ жастарының тарихқа үңіліп, өткенін мақтан тұтып, болашаққа сеніммен қарауына басты кепіл болары сөзсіз.

СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ///Біздің ата-бабаларымыздың қалған мол мұра, салт-дәстүрлер, ежелгі ғұрыптар барлығы осы мақалада қамтылған. Әсіресе сонау заманнан бері келе жатқан «Ұлы Жібек жолы» және түрлі алма ағашының шығуы. Бәрі де еліміздің табиғи, рухани  бай екендігін білдіреді.

РКС: Иә, тілдің дәмін үйіретін,  алманың отаны Алматы шаһары екені  баршаға мәлім. Тұңғыш Президент-Елбасы мақалада «Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген,- деп ашып айтты. Яғни,  тарлан тарихымыз бен еліміздің алуан түрлі байлықтары жазылған мақаланы жас толқын жетік біліп өсуі шарт. Сонда ғана еліміздің ертеңі баянды болмақ.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...