ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА – ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ

15:29, 12 тамыз 2019

ДК: Ел  мәдениеті мен тамыры терең тарихын біліп, келер ұрпаққа аманат ету әр азаматтың парызы. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында еліміздің ұлы даланың өнер және технологиялар мұражайын ашуға толық мүмкіндігі бар екендігі айтылған. Оған ежелгі халқымыздың аң стилінде жасалған бұйымдары, қару жарақ, сауыт-саймандар және өзге де құнды жәдігерлер негіз бола алады.

КСМ: Бұл бастамалар еліміздің терең тарихы мен көркем мәдениетінің сақталуына және одан әрі дамуына деген зор мүмкіндік. Облысымыздағы мұражайлар мен мәдени орындар ұлы даланың жеті қырын көрсету мақсатында бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып келеді. Оған Көкшетау қаласының тарихы мұражайы мысал бола алады.     

СНХ: КҮНСҰЛУ НҰРҒАЛИЕВА, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ» МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  Қазіргі сананың жаңғырып, жаһандану кезеңінде осынау рухани, мәдени құндылықтарымыздың озық үлгілерін сақтап, насихаттау басты парызымыз. Осы бағытта биыл музей қызметкерлері басқа да жобалармен қатар «Ұлттық қолөнер – қасиетті төл өнер» атты жобаны қолға алған болатын. Оның басты мақсаты – жастардың қолөнерге деген қызығушылығын оята отырып, оларды рухани, мәдени құндылықтарымызды қастерлеуге үйрету.

КСМ: Бұл жоба ұлттық қолөнерді кеңінен таратуға, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының жаңа есімдерін ашуға мүмкіндік тудырып отыр. Көкшетау қаласының тарихы мұражайы қызметкерлері көлөнершілермен бірлесе жұмыс атқарып, мұражайға келушілердің тарихи жәдігерлермен қатар жаңа, тың дүниелерді де көрулеріне негіз болуда.

СНХ:ӘСЕЛ ЖАҚЫПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ұлы даланың жеті қыры мақаласының еліміздің тарихының мәдениетінің одан әрі дамуында орны ерекше. Осындай мұражайлар елбасының бастамаларын жүзеге асыруда өз үлестерін қосуда. Келер ұрпақ еліміздің тарихын, мәдениетін білуі тиіс.

КСМ: Мәдени орындардың қайсыбірі болсын Елбасының көрсеткен ізі бойынша маңызды міндеттерді орындап келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көп ғасырлық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеу әр қазақстандық азаматтың көтерер абыройлы мақсаты.

ТҰМАРЫМ  БАБАСАНОВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙ  КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...