ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ

18:35, 11 маусым 2019

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесі мол. 90-шы жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау жасап, бірге жұмыс істеді. Ұлттық қордың құрылуына атсалысты. Даму институттарының пайда болуына үлесін қосты. Нәтижесінде, зейнетақы жүйесі қалыптасты. Елде индустриалды-инновациялық бағдарламалар іске асып,  түбегейлі жаңару белең алды. Елде белең алған рухани жаңғырудың өзі осы сөзіме дәлел,-дейді Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті, қоғам қайраткері Сағынтай Елубаев.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: /// Тоқаев өзі білікті адам. Басшылық қызметте көп жасады. Министерство иностранных дел дейміз соны басқарды. Үкіметті басқарды.Тоқаевтың ұсынған сайлауалды бағдарламаларының барлығы бізге ұнайды. Егер, барлығы солай болса, елде тыныштық болады. Ел өрлеп жетілу керек. Жер-жердегі байлықтың барлығы өзіміздікі. Соны көркейтіп, дамытуымыз керек. Тоқаев 70 пайыз дауыс жинады дегенде барлығымыз қуандық. Жастар да қуанды. Енді жаңа Президентке тілейтініміз енді сайлауалды ұсынған бағдарламалары орындалса екен дейміз. Оларды жалғыз бір ғана адам атқара алмайды. Ол үшін барлығымыз сыбанып, жұмыс істесек орындалады деген ойдамыз.

РКС: Егемендік жылдары Қазақстан заман көшінен қалмай, озық 50 елдің қатарынан да көрінді. Бұдан әрі де, ғылым мен технология саласында артта қалмас үшін ел бірлігін ұстап тұру қажет. Ол үшін ұлы дала ұрпағының ұлттық ұстанымын ұштастыра білетін тұлға керек. Сондықтан, Қазақстан халқы өз Президентіне деген сүйіспеншілігін, сенімділігін осы сайлауда көрсетіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы деп таныды.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...