ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА МӘЙЕГІ

14:24, 11 наурыз 2019

РКС: Ұлы даланың жеті қырының кез-келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Сондықтан да, дала өркениетінің жәдігерлері әрбір қазақ үшін аса қымбат құндылықтар болып табылады.

СНХ: ҚАЖЫМҰРАТ ТОЙЛЫБАЙ,  БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ № 1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ/// Ұлы даланың жеті қырының бағытының бірі – атқа міну. Бұл бізде ежелден келе жатқан, қазақ ұлты үшін маңызды салт. Себебі, қазақ баласының кішкентай кезінен атқа деген құмарлығы ерекше болған. Ат деген ұғымның өзінде үлкен мән жатыр. Елбасымыздың мақаласының ішіндегі атқа міну жайлы айтқан ойына өз басым ерекше қуандым. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала жаппай қолдайтын бағдарлама дегім келеді.

РКС: Тарихын білген халықтың болашағы айқын. Елбасының бұл мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып-біліп, отансүйгіштік қасиетінің артуына жоғары идеологиялық тәрбие болмақ.

СНХ: МҰХИТ ЕРЛАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ/// Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласы өте маңызды. Оның ішінде жастарға ең маңыздысы атқа міну рәсімі деп білемін. Мезолит кезінде Қазақстан территориясында ең бірінші ат әбзелдері табылған. Сонымен қатар, Қазақстан жеріндегі метталургия, әсіресе, қазба жұмыстары жүргізілген кезінде Орталық және Оңтүстік Қазақстан жерлерінде сол заманғы пештер табылған. Мұның барлығы құнды дүниелер деп білемін.

РКС: Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени мұралар Ұлы дала елінде пайда болғаны анық. Бұл мәдени жетістіктер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...