ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ-БАҒАНАЛЫ БАҒЫТ

14:49, 11 қыркүйек 2019

Ұлттық тәрбиенің өзегі – өнер. Тал бесікті тербеткен анасының әлдиі – сәбиінің бойына сіңірер рухани құндылықтың алғашқы нәрі. Сол арқылы   ұлтының салт-дәстүрін, тілі мен музыкасын, әдебиеті мен өнерін құрметтеп, ұлттық рухты мәңгілік қастерлейтін  ұрпақ  тәрбиеленбек. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының түпкі өзегі осыған үндейді.

Солтүстік өңірде кенжелеп қалған өнердің бірі - терме.  Жалпы  қазақ әдебиетінде елдік пен татулықты, отансүйгіштік пен қайсарлықты ту еткен бес жүзден аса батырлар жыры бар екен. Осындай өмір мен көңіл құбылыстарын шендестіретін, орамды ойлар мен кестелі жырларды айтатын термешілер Ақмола өңірінде өкінішке орай аз,-дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитова..
АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  
Жыршы термешілер байқауы ұйымдастырылып жатыр. Шыны керек енді Көкше жерінде термеші сонша көп деп айта алмаймын. Ол рас.Былтыр кішіқұрым байқау дайындадық. Оған жастардың саны 5-6 болды.Енді биыл оның саны 16-ға жетті. Себебі, өзге қалалардан шақырдық. Осындай сайыстарды көп өткізсек,ұлттық мәдениетімзді біраз дамытар едік.
Қазақ даласында  елдерді даналық көзқарастарының терең танымдылық қасиеттерімен қайран қалдырған ұлы ғұламалардың есімдерін мақтан тұта білу,олардың қол жеткізген жетістіктерін ұрпақтар игілігіне айналдыра отырып,тек елімізде ғана емес халықаралық деңгейдегі маңыздылығын одан әрі әйгілендіру,бұл келешек  ұрпақтың парызы. Яғни,ата-баба дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу қазіргі таңда басты мақсатқа айналып отыр.

АЙНҰР ҚАЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Бұл мақаланың қазақ халқы үшін маңызы зор.Себебі,қазақ халқының ұлы құндылықтары, аң стилі.Ұлы Жібек жолы жайлы тілге тиек етті. Бұның біз үшін құны жоғары.Себебі,қазақтың қазақ болып қалыптасуына осы бір стильдер өз үлесін қосты деп айтуға болады.

Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендірудің қозғаушы күші, бұлағы. Тарихымыздан қысылып-қымтырылатын, ұялатындай кереғар жақтарымыз жоқ, керісінше осындай салт-дәстүрге қойнауы толы ел екенімізді мақтан тұтып, өзге елдерге үлгі болуымыз керек.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...