ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ

14:42, 15 сәуір 2019

РКС: Тарихи сананы жаңғырту «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының өзіндік жалғасы ретінде қолға алынған. Алайда, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бұл жолғы жұмыста қазақстандық әрі шетелдік мұрағаттарды зерттеу басты мақсатқа қойылған. Тарихи деректер егжей-тегжейлі жинақталып, оларды сандық форматта сақтау көзделген.

СНХ: МАРИЯ ПУРТОВА, №11 ОРТА МЕКТЕП-ГИНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: ///Осы жылдың 21 қарашасында Тұңғыш Президентіміз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Онда ежелгі металлургияның пайда болуы жайында деректер берілген. Сондай-ақ, аң стилі, «Ұлы жібек жолы» да тақырыптың өзегіне айналған. Мұның барлығы Қазақстанның жерінде пайда болған маңызды тарихи ерекшеліктеріміз екенін білдіреді.   

РКС: Ғылыми тұрғыда дәлелденгендей, Алатау бөктері алма мен қызғалдақтың отаны болып табылады. Дәл осы жерден әлемде ерекше орын алатын өсімдіктер бүкіл әлемге тарай бастаған.

СНХ: КИРИЛЛ КИМ, №11 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: ///Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Барлығына мәлім болғандай, Германия елінде аллергиямен ауыратындар көп. Халықтың 16 пайызы осы ауруға шалдыққан.  Сондықтан, германдық ғалым зерттеу жүргізіп, қазақстандық алмалардың аллергия ауруын туғызбайтынын анықтаған.

РКС: Өз салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет ұлы ұлттың құндылығын сипаттайтын тәрбиенің негізі. Ұлы құндылықтарды дәріптеу нағыз азаматты тәрбиелеп қана қоймай, мықты мемлекетті қалыптастырмақ,- деген еді өз сөзінде Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...