ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ

16:53, 7 қазан 2019

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Елбасы Қазақстан тарихын зерттеп-зерделеп,  ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында 6 ірі жобаны ұсынған болатын. Бұл бағытта бүгінде жұмыстар жүйелі жүріп жатыр.

Қазақстан тарихы бұрын жазылып келгендей, Қазақ хандығының құрылуымен емес, одан әлдеқайда ертерек басталады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында еліміздің бай тарихын бүгінгі күнге ұштастырудың жолдары мен қағидаттары жан-жақты сараланған. Ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең зерделеуді қажет ететін тұстары жазылған. Бұл бағытта бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Оған облыстық орыс драма театрында қойылған «Бейбарыс» спектаклі куә.

БЕЙБІТ БАХТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Елбасының мақаласына орай біз Рақымжан Отарбаев жазған еңбектің желісі бойынша «Бейбарыс» спектаклін сахналауды жөн көрдік. Ондағы мақсат өсіп келе жатқан жеткішектеріміз өзінің тарихын біліп, ұлы есімдерді дәріптеп өссін дедік. Өйткені, өз тарихын білген ел ғана алға ұмтылып, заманауи талаптарға жауап беретін мемлекет құра алады.

Елбасы өзінің мақаласында тарихымызды мақтан тұтуымыз керектігі жөнінде айтады. Өйткені, рухани мол байлығымызды, тарихымызды сақтай отыра, біз Ұлы даланың ұрпағы екенімізді дәлелдейміз. 

ЕРМЕК ЖАҚАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы көпқырлы, еліміздің дамуы үшін өте маңызды құжат деп есептеймін. Онда Алтайдан Каспийге дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекендейтін халықтың тарихы қаншалықты тереңде жатқандығы туралы қарапайым тілмен,  түсінікті етіп жеткізіледі. Түркі халықтарының алтын бесігіне айналған Алтай тауында қаншама тарих тұнып жатқаны айтылады.

Маңызды еңбекте Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениеттегі және тарихтағы орнын айшықтайтын материалдық, рухани мұраларымыз туралы жан-жақты зерделенген. Нұрсұлтан Назарбаев осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерттеу үшін аса қажетті ірі жобалардың бастау алатындығы туралы жазған.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...