ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ТАМЫРЛАС ЖҰРТТАРДЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

14:42, 11 маусым 2019

РКС:  Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап,  ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау  өзекті.  Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін.  Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деген  Тұңғыш Президент-Елбасының ойын бұқара да бір ауыздан қолдап отыр.

СНХ: АЛМА АДАХАНОВА, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ //// Қазақ халқы ерте кезден қазба байлықтарға бай ел. Оның бір айғағы мақалада айтылған 1969 жылы Есік қаласында табылған Алтын адамның мүсіні. Сонымен қатар тамырын тереңге жайған құнды-құнды жер қазбаларының нәтижелері. Бұл біздің қазіргі мәдениетіміздің дамуына оң әсерін тигізіп келеді.

РКС: Жалпы жеті саны киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Тұңғыш Президент-Елбасы мақаласын киелі санмен байланыстыруын да үлкен мән жатыр. Осы қасиетті жеті санның жеті кереметі ол - Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемнің бесігі, Ұлы Жібек жолы және де Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны. Ел көлемінде жоғарыда аталған құндылықтарымыздың әр қайсын жете тану мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстар да көңіл куантарлық.

СНХ: ГӘККУ ҒАБДУЛМАНОВА, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ) /// «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған көне салт-дәстүрлерімізді дамытып, жастарға насихаттау мақсатында аудандық кітапханада көптеген іс-шаралар қолға алынып жатыр. Оның ішінде атқа міну мәдениеті мен аң стильі бойынша қазіргі таңда терең түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Аталмыш мақала біздің кім екенімізді,  бізге қандай құндылықтар құзырлы екенін және ертең кім болып қалуымыз керектігіне жол сілтеп отыр. Міне, сол себепті де терең көзқарастан туындаған мақала өміршеңдігін жоғалтпақ емес.   

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар