ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

14:35, 10 қаңтар 2019

РКС: Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атқа міну мәдениетін тілге тиек етті. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

СНХ: ЕРКЕГҮЛ ДҮЙСЕНБАЙ,  С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ  №18 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ // //  Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы  Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Ботай қонысы қазба жұмыстарында жылқыны  тұңғыш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілген деген дәлел айтылады. Ат пен қазақ егіз ұғым, сол аттың үстінде жүріп ата-бабаларымыз ұлан ғайыр атырапты біздерге аманат етіп қалдырып кетті.

РКС:  Президент «Дала фольклорының антологиясын» жасау қажеттілігін айтты.  Біз мұрасын 100 том етіп шығарған жер бетіндегі жалғыз халықпыз.Сондықтан бұл белгіленген тапсырманы орындау қиындық тудырмайды. Қазақтың кең даласының қойнауынан түрлі зерттеулер арқылы табылған ұлттық аспаптар, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра сынды аспаптар қатарын ансамбілдерге енгізу арқылы ұмыт болған әуендерімізді халыққа паш етуге үлкін мүмкіндік алып отырмыз, дейді облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармонияның әртісі Құсайын Бакулин.

СНХ: ҚҰСАЙЫН БАКУЛИН, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘРТІСІ. ////  Қазақ аспаптары арасында ұмыт болып қалған аспаптар өте көп. Елбасының мақаласы арқылы сол тасада қалған аспаптарымызды қайтадан ансамбльдердің қатарына қосып, екінші бір тыныс беріп жатырмыз. Қазір қазақ аспаптары десең барлығы домбыра мен қобызды ғана атайды, шын мәнінде аспаптардың қатары өте көп, соларды болашақ ұрпақтарға жеткізу біздің негізгі міндетіміз болмақ.

РКС:  Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымыздымызды қалыптастырып келеміз, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көненің көзіндей болған асыл мұрағаттарымызды жарыққа шығарып, жандандырары сөзсіз.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар