ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

15:56, 9 қазан 2019

Тұңғыш Президент-Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттың рухани мұрасы мен мәдениетін, таным-түсінігін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендеп, қарыштай түсуіне жол ашып отыр. Ақмолалық зиялы қауым өкілдерінің пайымы осыған саяды.

Бағдарламалық мақалада төл тарих пен мәдениетті жіктей келе, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған 6 бірдей жобаны жүзеге асыру көзделген. Олардың әрқайсысы келешек ұрпақ игілігі үшін құнды.

ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, «АҚМОЛА-ТІРШІЛІК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Тұңғыш Президент – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегі қазақты өзімізге өзімізді таныту және содан кейін қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, тархы мен рухани жан дүниесін әлемге танытатын еңбек екендігін айтуымыз керек. Біз осы еңбек арқылы бұрын қазақта атқа міну, метталургия да бізде болғандығын, содан кейін жаңағы қазақтың әнінің құдіреттілігін, қазақтың күйінің құдіреттілігін, қазақтың мәдениетінің құдіреттілігін әлемге танытқан осы «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегі екендігін айтуға тиістіміз.

Тұңғыш Президент-Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұған дейінгі қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы, яғни, төл тарихты зерттеп, зерделеу елдің жарқын болашағының мызғымас кепілі.

ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ, ҚАЛАМГЕР

Тарихтан тағылым алу бұл үлкен тақырып, үлкен мәселе. Көкшетаудыңғ өзінің тарихы жетеді. Өкінішке орай соны біздің тарихшыларымыз, біздің әдебиетшілеріміз, мәдениет саласының адамдары осы мәселеге ерекше назар аудармайды.  Тарихты қайтадан ортаға алып келу, бүгінгі ұрпаққа өнеге айту деген баға жетпейтін дүние ғой. Оны кез келген адам айтуға қақысы жоқ. Кез-келген адам айта алмайды.

Қазақ халқының әлем тарихындағы орнын бағамдауға бағытталған мәні мен маңызы зор бағдарламалық мақала келешек ұрпақты ортақ әрі тағылымды іске жұмылдыра түспекші.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...