ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

18:42, 8 қаңтар 2019

РКС: Тарих беттерін ақтарсақ, қазақ жерінде талай тарихи маңызы бар оқиғалар орын алған. Мәселен, Қазақстанның Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Ұлы Жібек жолының халықаралық экономика мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі, қазақ жерін мекен еткен ұлы тұлғалар, қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, осының барлығы қазақ халқының тарихи мұрасы қаншалықты бай екенін көрсетеді. Осы орайда, Елбасы өткенімізді зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтеді.  

СНХ: СӘУЛЕ ҚИЯШЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ/// Елбасы атап өткендей, Қазақстанның тарихы қазіргі ғылым тұрғысынан қаралуы керек.  Еуропоцентристік көзқарас ғұндар мен сақтар, түркі этникалық топтары біздің ұлтымыздың этногенезінің негізгі элементтерін құрағаны жасырын емес. Осы орайда, Елбасы Қазақстанның тарихы біздің территориямызда көп жылдар бойы мекен еткен барлық этностардың ортақ тарихы болып есептелетінін атап өтті.      

РКС: Қазақ халқының бүгінгі жетістіктері бір күннің емес, талай ғасырдың жемісі. Бүгін ұлттық рухы жоғары, мәдениетті, білімді ұрпақ тәрбиелеп отырғанымыз, әрине, тарихи бай мұраларамыз бен рухани құндылықтарымызды ұмыт қалдырмауымызға байланысты.    

СНХ: НҰРСҰЛТАН РАХЫМБЕРЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ ///Сол кездегі атқа міну мәдениеті болсын, алтын адам, көне металлургия, қазақтың өнері, музыкасы, фольклоры, барлығы сол заманнан бастап дамығандығын, бүгінгі замандағы жетістіктердің игілігін сол замандада көргенін көрсетеді. Сол заманғы жетістіктерді бүгінгі күні біз ары қарай дамыта отырып, өркениетті 30 елдің қатарынан қалмаймыз десек, біздер, бүгінгі ҚР-дың әрбір азаматтары білім мен ғылымды саналы түрде пайдаланып, оны ары қарай дамытып, жеткізуге үлес қосуымыз қажет деп есептеймін.     

РКС: Соңғы жылдары табылған тарихи жәдігерлер мен көне ескерткіштер қазақ халқының тарихы бай әрі көнеден келе жатқанын айғақтайды. Ендеше, төл тарихын білу, оны бағалау әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Дамыған елдердің қатарынан көріну үшін өткенді мақтан тұтып, болашаққа зор сеніммен қарау қажет.    

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...