ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. «ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР - ҚАСИЕТТІ ТӨЛ ӨНЕР!»

15:01, 14 тамыз 2019

ДК:  Тұңғыш Президент - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап, оның озық үлгілерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауға жаңаша серпін берді. Осы орайда ауқымды бағдарламалардың жүйелі түрде жүзеге асуына Көкшетау қаласы тарихы музейінің ұжымы еселі еңбек сіңірумен келеді.

РКС: Қала тарихы музейі қызметінің негізгі мақсаты - шаһардың құрылуынан бастап, күні бүгінге дейінгі даму тарихын зерттеп, зерделеп, келер ұрпаққа насихаттау. Қазіргі таңда музей қорында 17 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. 5 экспозияциялық зал жабдықталған.

СНХ: КҮНСҰЛУ НҰРҒАЛИЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ Биылғы жылы осынау мемлекеттік бағдарламалар аясында екі үлкен жобамыз бар. Оның бірі Рухани жаңғыру бағдарламасының туған жер бағыты бойынша «Туған қалам қазынам» жобасы және екіншісі, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша «Ұлттық қолөнер-қасиетті төл өнер» деп алатады. Жалпы ұлттық мәдениет, соның ішіне қолөнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келе жатқан көпғасырлық шежіресі бар.  

РКС: Музей қызметкерлері «Ұлттық қолөнер - қасиетті төл өнер» жобасының аясында Кенжебай Смағұл, Шоқан Еламанов, Ұлболсын Асқарқызы сынды белгілі қолөнер шеберлерімен тығыз байланыс орнатқан. Бұдан бөлек, оқушылар мен студенттердің қатысуымен көшпелі көрмелер мен этнографиялық экспедициялар ұдайы ұйымдастырады.  

СНХ: АЙЫМ БІЛӘЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Жоба аясында тек қана Көкшетау қаласындағы білім мекемелері ғана емес, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен ауылдық жерлерінде жұмыс атқарып келе жатырмыз. Екі жыл ішінде Ақмола облысының 5 ауданында және 8 ауылында болдық. Көрмелер, интерактивтік сабақтар, дәрістер, көшпелі фотокөрмелер, белгілі азаматтармен кездесулер  өткізіледі. Қыркүйек айында Бұланды ауданына барамыз. 

РКС: Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады. Сайып келгенде төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болмақ. Демек, өткенді саралап, бүгінін нақты бағалай білу жəне болашаққа оң көзқарас таныту елдің табысты болуының кепілі.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...