ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ САНА – АСЫЛ МҰРА

14:45, 10 маусым 2019

РКС: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халық арасында талқыға түсіп, мақала аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Үндеу «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Ұлт көшбасшысының мақаласындағы әрбір бөлімнің қамтитын аясы кең, әрі ұлтымыздың тарихынан сыр шертеді. Мақала қазақ жұртшылығына ғана емес, халықаралық қауымдастықты да дала өркениетін зерттеуге шақырады. Сол себепті, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бірнеше тілдерге аударылды.     

СНХ: ЖАНАРБЕК ЖАНТАЙҰЛЫ, ӘДІСКЕР /// Бұл «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы нағыз уақытында қабылданған бағдарлама деп айтуға болады. Өйткені, қазақ халқының мәдени мұрасы өте үлкен өте  тереңде жатыр. Сондықтан, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде, елін, жерін сүюде таптырмайтын бағдарлама деп ойлаймын.

РКС: Ұлт көшбасшысы мақаласын киелі санмен байланыстыруда үлкен мән жатыр. Қазақ халқында «7» саны өте киелі. Тұңғыш Президент ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа қалдырған 7 кереметін айна қатесіз халқына жеткізуге тырысты.

СНХ: ӘСЕМ НҰРШӘРІП, СТУДЕНТ /// Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Бұл мақалада жеті кереметімізді тілге тиек етті. Біз сол ерекше еліміздің қырларымен, асыл қазыналарымен мақтануымыз керек. Бұл мақаланың тарих толқынында ойып тұрып орын алары сөзсіз.

РКС: Аталмыш мақала – қазақ халқын біріктіретін қуатты күш іспетті. Тұңғыш Президент осы мақаласымен тарихымызды, асыл мұраларымызды ұмытпауымыз қажет екендігін оқырман санасына құя білді. Бұл Тұңғыш Президенттің көрегендігінің айғағы.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...