ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

15:06, 15 наурыз 2019

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған маңызды құжат. Ол өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып қана қоймай, өз елінің рухани бай мұраларын тануына жол ашты. Бүгінгі жастар Елбасының саясатын жүзеге асырып, елдің дамуына өз үлестерін қосуға әзір.    

СНХ: ЫБЫРАЙ ЖАНҒОЖИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Мен өз тарапымнан латын қарпіне көшу мәселесін қолдаймын. Себебі, қазіргі таңда интернет, компьютер дамыған заман. Осының барлығы қазіргі күнде латын тілінде жүргізіліп жатыр. Латын тіліне көшу арқылы қазіргі таңда ең басты мақсатымыз 30 дамыған елдің қатарына кіре аламыз және де бұл біздің біршама ілгері қадам басуымызға үлесін қосады. 

РКС: Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білімді, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш жастарды тәрбиелеу қажеттігін алға тартады. Осы орайда, бүгінгі таңда «Жас Отан» жастар қанаты облыс жастарын қоғам өміріне белсене араластыру мақсатында «Жас саясаткер» жобасын қолға алған болатын. Жоба аясында 30-ға жуық жас тәжірибелі дәріскерлерден саясаттану, тарих, өнер сабақтарынан шеберлік сағаттарын алуда. Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Отан ана», «Киелі Қазақстан», «Ұлы тұлғалар» сынды жобалар да сәтті жүзеге асуда.

СНХ: АЯН ХАФИЗ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /// «Ұлы тұлғалар» жобасы аясында біз әлеуметтік желілерге тәуелсіз елдің қалыптасуына үлесін қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтерді жүктейміз. Кейін оны барлығы оқып , біле алады. Бұдан бөлек, қазір, міне көктем келісімен,  біз облыстағы киелі жерлер бойынша экосаяхаттар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, жастарға киелі жерлерді көрсетіп, сол жердің тарихымен жақынырақ таныстыру үшін осындай саяхаттарға шығу жоспарда бар.

РКС: Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында жастардың дамуына жол ашатын көптеген жобаларды ұсынады. Әрине, сапалы білім беру мәселесі қашан да алда тұратындықтан, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, үш тілде білім беруге қатысты бастамалардың алатын орны ерекше.

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
14:24, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...