ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

«ҮМІТ» БАЛАЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

15:41, 14 қаңтар 2020

Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің жабық манежінде «Үміт» футбол лигасының 2020 жылғы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Биыл доп додасының географиялық ауқымы кең, қатысушылар командалар саны да артқан.

Солтүстік өңір өреңдері қыс айларында шағын футбол ойнап, шыңдалады. «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің ұйымдастыруымен осымен екінші жыл өтіп жатқан «Үміт» футбол лигасына қызығушылық та осы үрдістен туындап отыр.

КУРЕЙШ АРЧАКОВ, «ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Үміт» футбол лигасының форматы да қарапайым әрі жеңіл. Оған доп тебудің қыры мен сырын енді меңгере бастаған жасөспірімдер командалары қатыса алады. Біз шектеу қоймаймыз. Өреңдер жабық алаңда тәжірибе жинайды. Бір-бірінен үйренеді.

Көкшетау қаласында өтетін доп додасына көрші Солтүстік Қазақстан облысының командалары да қатысып жүр. Биыл олардың саны артқан. Демек, бәсекелестік бар.

АЛЕКСАНДР ГОРДА, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жарысқа Көкшетау қаласы облысымыздың бірнеше ауданы мен Солтүстік Қазақстаннан 24 команда қатысуда. Олар 2005, 2006, 2007, 2008 жылдары туған жасөспірімдер.  Турнирдің тартысты өтетіні сөзсіз. Өйткені командалардың дайындығы жақсы.

Жыл басында жалауын көтерген «Үміт» футбол лигасының ойындары Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің жабық манежінде әр жексенбіде өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...