ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ҰРЛАНҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ...

15:38, 11 ақпан 2020

Бейкүнә бүлдіршінді қорлап, жас өскінді зорлап, айуандықтың арсыз әрекеті жиі орын алатын бүгінгі қоғамда сәбилердің балалық шағы қаншалықты қауіпсіз? Ересек жандар өзінің ашу-ызасын дәрменсіз баладан алып, пасық әрекетін қорғансыз бүлдіршінге көрсетуі неге жиілеп кетті? Баласының тағдыры күл-талқан болмауы үшін ата-ана не істеуі қажет? Біздің өңірімізде бала өмірі қаншалықты қорғалуда? Әріптесім Ердігүл Дәдібасқызы зерттеп көрді.

РКС: «Баланың исі – жәннаттың иісі» дейтін қазақ қоғамында балаға қатысты қатігездік аса белең алып тұр. Өз перзентін сыбап, шыбықпен шырқыратып ұратын ата-аналар бұл қылығын «тәрбиелеудің бір түрі» деп санайды.

СНХ: АЙЖАН ҚАЖКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: //РУСС// Өткен жылы 140-шы, яғни «Бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамау» бабы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Екеуі бойынша іс тоқтатылды, ал үшінші іс 107-ші, яғни «Бала денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабына ауыстырылды. Нәтижесінде балаларына қол көтерген әкесі жауапқа тартылып, ата-ана құқығынан айырылды. Аналары жоқ болғандықтан, жасөспірімдер балалар үйіне орналастырылған. 

РКС: Америкада «Child welf are system» деген бағдарлама бар. 911 нөміріне баланың өзі хабарласып, «мені ата-анам ұрды» десе, ата-анасы бірден жауапқа тартылады. Еуропада да бала құқығы аса қатты қорғалады. Баласына жәбір көрсеткен ата-ананы байқап қалған кез-келген тұрғынның полицияға хабар беруі заңмен міндеттелген. Ал бізде ше? Бізде де 111 сенім телефоны жұмыс істейді. Сонда да бала құқығының бұзылуы өршімесе, өшер емес. Өңірде өткен жылы балаға қатысты 92 қылмыстық іс қозғалған, оның 49-ы жыныстық қолсұғушылық. Республика бойынша балаларға қатысты қылмыстық істер саны азайғанмен, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің 7 пайызға өскендігін айтады заң саласының мамандары.

СНХ: АЙСҰЛУ ЖҰМАТОВА, КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:// русс// Мәселен, өткен жылы 16 жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық бойынша 16 іс қаралса, бұрнағы жылы 6 іс қана қозғалған болатын. 3 есеге жуық өскені байқалады. Соның ішінде 7 іс бойынша сот үкімі шығарылды. 2018 жылы жас балаларды азғыру ісі бойынша 4 қылмыстық іс қаралды. Бүлдіршінге қатысты азғындықты алыстағы біреу емес, көбінесе, жақын жандары жасайды. Ол өгей әкесі, туысқан ағасы, көршісі болуы мүмкін.

РКС: Ал мынау облыстық сот ғимаратындағы психолог бөлмесі. Осы қабырғаларда жәбір көрген балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Өзіне қатысты жасалған лас істің мәнін түсінбеген кіршіксіз бүлдіршіндер ойыншықтармен ойнап отырып, психологқа сырын ақтарады. Тәжірибелі маман баланың салған суретінен оның жан дүниесіне үңілуге болатынын айтуда.

Ест шум (психолог баланың салған суретін түсіндіреді)

РКС: Баланың жалғыз жанашыры – ата-анасы. Ал, перзент пен ата-ана арасында ашық байланыс болмаса, біреуден жәбір көргені жайлы ешқашан тіс жармауы мүмкін. Алайда, баланың мінез-құлқынан көп жәйтті аңғаруға болады, – дейді психолог.

СНХ: СӘУЛЕ ИСАЕВА, ПСИХОЛОГ-ИНСПЕКТОР:

Бала тұйықталады. Жақындарымен сөйлесуден қашқақтайды. Ұйқысы қашып, асқа тәбеті тарптауы мүмкін. Бала жәбір көргенін көбінде жасырып қалғысы, тез ұмытқысы келеді. Ата-анасы ақиқатты оның мінезінің өзгерістері арқылы анықтай алады.

РКС: Үлкендер тарапынан қорғансыз бүлдіршінге, дәрменсіз сәбиге күш көрсетіліп, айтуға ауыз бармайтын пасық әрекеттердің көбеюі адамдықтың тозуы ма, қоғамның азуы ма, белгісіз. Осыған орай, өткен жылдың аяғында ҚР Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Енді балаларға қатысты жасалған қысмысқа жаза күшейтілді.

СНХ: РАДЖАБ ДАМИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚЫМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: //русс// Бұған дейін балаларға жасалған жыныстық зорлық ісі бойынша екі жақты келісімге мүмкіндік беретін, енді жаңа өзгертулерге сәйкес аталмыш қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылып, 5-8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және мәмілеге тыйым салынады. Және 120, 121 баптар бойынша 2 немесе одан көп жас балаға қатысты жасалған қылмыстық іс үшін 17-20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал бүлдіршінге қатысты жыныстық зорлық көрсеткен қылмыскерді 20 жылдан жоғары немесе өмір бойғы бас бостанығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

STAND-UP: ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР:

Есік алдына ойнауға жіберген балаңыздың өміріне қауіп төнбесіне сенімді бола аласыз ба? Аңғал сәбиді алдап-арбап құрығына түсіріп, арам әрекетін іске асыратын екі аяқты айуандардың торуылдап жүрмесіне кім кепіл? Балаларды қорлықтан құтқара алатын – ата-ана ғана. Тек бауыр еті баласының үніне құлақ асса, уақыт тапса, көңіл бөлсе...

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...