ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

13:51, 14 мамыр 2020

ДИКТОР: Бір шаңырақ астында үш полицей тұрады. Атасы, баласы және немересі. Жалпы әулеттен 10 тәртіп сақшысы шыққан. Бұл отбасында әскери қызмет атадан балаға мирас болып келе жатқандай. Полицейлер династиясымен тілшіміз Ердігүл Дәдібасқызы танысып қайтты.

РКС: Еламан ақсақал ішкі істер органдарында 28 жылдан астам қызмет еткен. Полковник шенімен зейнетке шыққан. Қос ұлы да әке ізін жалғап, құқық қорғау саласына келген. Бірі – капитан, екіншісі – майор. Бір қызығы Еламан Нұрланұлының күйеу баласы да полиция қызметкері. Қазір зейнетте.  

СНХ: ЕРТАЙ ЖҰМАЖАН, ОТСТАВКАДАҒЫ ПОДПОЛКОВНИК: //қазақша// Бәріміз Ішкі істер министрлігінің қарамағында ішкі істер бөлімінде қызмет жасадық. Соған қуанамыз. Бүгінде біздің ізімізді бауырларымыз, балаларымыз, қарындастарымыз жалғастырып жатқанына дән ризамыз. Кезінде министріміз Ерлан Заманбекұлының қарамағында бірге істегенбіз. Ол кісі Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер басқармасының бастығы болып тұрған кезінде.  

РКС: Әулеттің немересі – Еділ Ертайұлы да ата жолын қуған. Қалалық полиция басқармасында тергеу бөлімін басқарады. Аға лейтенант.  Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдаған.  

СНХ: ЕДІЛ ЖҰМАЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ, АҒА ЛЕЙТЕНАНТ: //аударма// Бұл мамандық өзіме ұнайды. Тергеу жасау – болмысыма жақын. Және отбасымдағы әкем мен атамның ішкі істер органдарында қызмет етуі менің де бұл салаға келуіме ықпал еткен тәрізді.

РКС: Еділдің нағашы арғы атасы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, «Қызыл Жұлдыз», «Ерен ерлігі үшін» наградаларын иеленген. Артында қалған әулеттен жалпы саны 10 полицей шыққан. Осылайша, батыр ұрпағы Отан алдындағы азаматтық борышын адал ұстанып келеді.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...