ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ҮШ АУЫСЫМДА ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

17:08, 14 қаңтар 2021

ДИКТОР: Өңірде орта білім беру сапасын арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Өзекті мәселелердің бірі – үш ауысымда оқыту. Бұл проблема облыс орталығында қалай шешіліп жатыр?  Бейнематериалға назар аударайық.   

РКС: №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясының қосымша құрылысы  2019 жылы тамыз айында басталып, өткен жылдың желтоқсанында аяқталды. Нысан 420 орынға шақталған. 

СНХ: СВЕТЛАНА АХМЕТЖАНОВА, №13 «ЭКОС» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///аударма///Бұл қосымша ғимаратта 18 оқу кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет, сондай-ақ, асхана, спорт залы және кітапхана бар. Бұл жерде 1-4 сыныптың 844 оқушысы  оқиды.   

РКС: Бұл №1 мектеп-гимназиясының қосымша құрылысы. Мұндағы жұмыстың 75-80 проценті аяқталған. Оқу орны директорының айтуынша, жаңа ғимаратта бастауыш сынып оқушылары білім алады. Жаңа нысан 600 орынға шақталған. Бұл жерде спорт және көрермен залы, 25 оқу кабинеті, сондай-ақ лингафондық және компьютерлік сыныптар болады.

СНХ: ГҮЛВИРА ӘЛІМОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Жұмыстың 80 проценті аяқталды. Соңғы әрлеу жұмыстары толығымен орындалды. Іргетасын қайта қарауға тура келіп, құрылыс жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Бірақ, 1 қыркүйекте жаңа нысанға кіреміз деген ойдамыз.  

РКС: №4 мектеп-гимназиясында құрылыс жұмыстарының 40 проценті аяқталған. Жылу және су құбырлары тартылды. Бұл нысанның ерекшелігі – мектеп аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделеді.

СНХ: СВЕТЛАНА РЫБИНЦЕВА, №4 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// Оқу корпусына қосымша тағы бір нысан салынады. Онда спорт залы және 620 орындық көрермен залы болады. Спорт залының өзі 380 шаршы метр. Жертөледе ату тирі орналасады. Плиталар монолитпен жасалды. Бірінші қабаттың құрылысы аяқталып қалды.  

РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 6 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге және білім беру сапасын арттыруға септігін тигізбек.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...