ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҰСТАЗ ҰЛТ ЕРТЕҢІН БАҒДАРЛАЙДЫ

14:41, 11 маусым 2019

РКС: Ұстазыңды ұлық көр, - дейді қазақ халқы. Бұл мақалдың астарында ұстаз болмысының бірегей құндылықтарын тану жатса керек. Педагогтың мәртебесі, - заңмен емес, анығында оның қызметімен анықталады дейді ардагер ұстаз Күләш Қазжанқызы. Яғни, ұстаз қандай жағдай болмасын ұрпақ тәрбиесіне адал қызмет атқаруға міндетті.    

СНХ: КҮЛӘШ ТЕМІРБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, АРДАГЕР ҰСТАЗ /// Тоқсаныншы жылдары мектепті жабдықтау әлсіреген кездің өзінде біз балаларға түрлі саяхаттар ұйымдастырып, жаз айларында «демалыс күні клубын» құрдық. Осылайша өз күшімізбен балалардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз еттік. Мен әрдайым әріптестерімен оқушыға нашар баға қоюға асықпаңыздар, - дейтін едім. Баланың сағын сындыруға болмайды. Бүгінде сол мектептен тәрбиеленген талай шәкірттеріміз ел таныған азамат болды. 

РКС: Ұстаздың кәсібилігі өз-өзін ұдайы шыңдау негізінде қалыптаспақ. Бұл, әрине, ізденіс пен тәжірибенің, адал еңбектің нәтижесі. Ұзақ жылдар бойы педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру институтын басқарған Роза Қазжанқызы, өз принциптеріне адал ұстаздың мәртебесі оқушы алдында да, қоғам алдында да жоғары, - дейді.

СНХ: РОЗА ТЕМІРБАЕВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ /// Жылдар бойы ұстаздардың біліктілігін арттыру институтында қызмет атқардым. Мұғалімдердің мұғалімі болуы бір жерде үйретілетін мамандық емес. Бұл ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибе арқылы келеді. Және осы тәжірибе ұстаздың кәсіби мәртебесін анықтайды.

РКС: Педагогтың мәртебесін заңмен көтермелеуге ұстаздар қауымы емес, керісінше, барша қоғам мүдделі. Себебі ұстаз ұлт ертеңін бағдарлайды. Мұндай жауапты міндет жүктелген жандарды қағазбастылықпен, өзге шаруамен әурелеу әбестік болар.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар