ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

19:30, 16 мамыр 2019

РКС: Ізденбеген, білімін шыңдамаған жан - ұстаз болмайды. Педагогиканың алтын қазығы болған бұл ақиқат ешқашан өміршеңдігін жоғалтпақ емес. «Үздік педагог – 2019» байқауында бақ сынаған мектеп мұғалімдерінің барлығы бұл ақиқатты өмірлік ұстаным еткен.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ /// Жергілікті өңірлік байқаудан топ жарып шығудың өзі үлкен жеңіс. Бұл сіздердің шығармашылық ізденістеріңіздің айғағы. Бүгінгі таңда республикада педагогтың мәртебесі жоғары болуына үлкен күш жұмылдырылуда. Мен, біздің қоғамда ұстаздың мәртебесі қана да биік болған дер едім. Алдағы мақсат, сіздерге осы қалыптарыңыздан айнымай жемісті қызмет етуге қажетті бар жағдай жасау.

РКС: Ұстаз болу – шығармашылық қызмет. Жас буынның кемел келешегіне алаңдаулы педагог өз кәсібилігін арттырудан жалықпайды. Сандықтаулық Қанат Болатов – 7 жыл еңбек өтілі бар жас маман. Қанат Өмірбекұлы өз әріптестерінің үздік тәжірибесін сараптап, өз шығармашылығымен салыстыруға мүмкіндік алып отыр. 

СНХ: ҚАНАТ БОЛАТОВ, БАЛКАШИНО №1 МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ ///САНДЫҚТАУ АУДАНЫ///   Менің ойымша осындай байқаулар Мұғалімдердің арасында жиі-жиі бола беруі керек. Себебі, мұғалімдер әртүрлі. Біз сияқты жастар 25-30 жыл қызмет атқарған мұғалімдерден тәжірибе алуы керек.

РКС: Бұландылық ұстаз Айдын Бақтыбаева ғасырдан астам тарихы бар сатылай кешенді оқыту технологиясының республикалық деңгейдегі тәлімгері. 23 жыл еңбек өтілі бар ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ыбырай мен Ахметтерден қалған бұл мұраға неміс ғалымдарының қызығушылық танытып отырғанын айтады. Айдын Камалқызы өз тәжірибесімен германиялық әріптестерімен бөлісіп, сатылай кешенді оқыту білім берудің жаңа мазмұнындағы аса тиімді тәсіл екенін дәлелдеп қайтқан.

СНХ: АЙДЫН БАҚТЫБАЕВА, БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҰСТАЗЫ /БҰЛАНДЫ АУДАНЫ/ /// Сатылай кешенді оқыту технологиясы жаңа технология емес. Бұл технологияның идеясы Алашорда қайраткерлерінде жатыр.  +  Қазір бұл технология еліміздің түпкір-түпкірінде қолданыс табуда. Астана қаласының №86 мектебі осы толықтай осы технология арқылы жұмыс істейді.

РКС: Әр сабағын көрнекі материалдармен көмкеріп, оқушының назарын баурап алуға шеберлік пен шығармашылық қажет.  Бұл Ақмола облысының 579 мектебінде қызмет атқаратын 15 мың мұғалімнің әрқайсысына міндет. Тиісінше, бұл байқауда ең үздік педагогтың мәртебесі асып, мерейі үстем болуы орынды.

STAND-UP:АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР /// Ұстаз ұлағаты ұлт тәрбиесінің басты құралы. Бұл ақиқат «Үздік педагог – 2019» байқауының қатысушылары үшін де аса өзекті. Байқау 5 кезеңнен тұрады. Мұнда ұстаздар өзінің педагогикалық ұстанымын, шығармашылық шеберліктерін сынайды. Екі күнге жалғасқан сайысқа 24 қатысушы келіп отыр. Олар бұл байқау педагогикалық тәжірибе алмасудың бірегей алаңы дейді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...