ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҮЗДІК 65 ОҚУШЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕН АҚТӨБЕГЕ БАРАДЫ

14:24, 8 қаңтар 2019

РКС: 4-ші қаңтарда басталған  облыстық пәндік олимпиада  үш күнге жалғасты. Алғашқы кезең теориялық бағытта, екіншісі тәжірибе жүзінде  өтті.  Білім бәсекесінің екінші күнінде оқушылар түрлі эскперимент жасап, оны дәлелдеп,  зерттеу  жұмыстарын жүргізді.

СНХ: ДАНИАЛ ЗАЙНУЛЛОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН КӘСІБИ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ///Облыстық олимпиада қиынырақ болды себебі ол кейбір элементтерді білу керексің. Кей элементтерді араластырғанда, не шығады? Концентрацияны жақсы істеу керек. 00:35 Дайындығым жақсы болды. биыл бірінші рет қатысып отырмын. Қалалыққа да, облыстыққа да бірінші рет қатыстым.

РКС: Білімділердің  деңгейін салыстырып, кіл мықтыда кім мықтыны анықтаған әділ-қазылар алқасы  олимпиаданың өту барысына өз бағаларын берді.  Айтуларынша,  оқушылардың бірі екіншісінен мықты.

СНХ: ОЛЬГА ТИМОФЕЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ///01:06 Олимпиадаға қатысушылардың әрқайсысы жоғары бағаға лайықты. Десе де, оқушылардың арасында білімімен көзге түсіп, үздік екенін дәлелдей білгендер бар. Әділқазы алқасы ретінде біздің міндет те сол, оқушыны білім дәрежесіне қарай бағалау. Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қазылық етемін.

РКС: Білім додасының үшінші күні  ортадан оза шауып, үздік атанғандарды  марапаттау  рәсімі  өтті.  Жүлделі орынға сәл ғана жете алмаған, десе де үздік көрсеткішке ие болғандар  білім басқармасының грамоталарымен  марапатталды.  98 оқушы үшінші орынды  қанағат қылды.

СНХ: АЖАР   САПАРОВА, №19 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ///Облыстық   олимпиада   қалалық   олимпиадаға   қарағанда  қиын болды.  Себебі  бұл  олимпиадада  КТЛ-дан  оқушылар қатысқан. Және олардың физикадан білімі жоғары деңгейде. жалпы мен үшінші орын алғаныма қуаныштымын.   мен  физика бойынша олимпиадаға сегізінші сыныптан бері қатысып келемін.

РКС: Ал, жүлделі екінші орынды 33 оқушы иемденіп, 32 олимпиада  жеңімпазы анықталды. Үздіктердің үздігі атанған дәл осы 32 оқушыны облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова марапаттады.  Енді олар наурыз айында жаратылыстану бағыты бойынша Ақтөбеде, гуманитарлық бағытта Қызылордада өтетін республикалық пәндік олимпидада өңір намысын қорғайды.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар