ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ

19:12, 12 шілде 2019

ДК: Көкшетау қаласының 195 жылдығына орай, бірегей және ауқымды іс-шаралардың бірі – Көрпе шоу ұйымдастыру күтілуде. 16 шақырымды құрайтын ұлттық құрақ көрпе Красный Яр ауылының ипподромында киіз үй бейнесінде көрермен алдына ұсынылмақ. Сонымен қатар, бұл көрсеткішті Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін шетелдік сарапшылардың келуі күтілуде. Құрақ көрпелерді тігу процесінің өтуі мен оған атсалысқандар жайлы келесі бейнематериалда.

РКС: Көкшетау қаласының 195 жылдығын мерекелеу күні өтетін фестивальге 16 шақырымды құрайтын ұлттық құрақ көрпе тігілуде. Стандарт бойынша көрпенің ені 70 см, ұзындығы 2 метр 20 см-ды құрайды.

СНХ: ГҮЛНӘР ЫСҚАҚОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Құрақ көрпе матаның түрлі-түсті бөліктерінен тігіледі. Құрақ көрпе сиқырлы қасиеттерге ие деп саналады. Матаның көптеген ұсақ бөліктерінен жасалған заттар олардың иелерінің ұрпақтары көп болуына, малының өсуіне, мүліктің көбеюіне ықпал етеді деп есептелді. Бұл іс-шара жастарға халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жеткізуге, ұлттық киімнің мәні мен идеясын көрсетуге бағытталған.

РКС: Ең ұзын құрақ көрпе екі ай бойы тігілген. Оған жүзден астам қалалық ұйымдар мен облыстың бірқатар аудандарының өкілдері атсалысқан. Оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де бар. Нәзік жандылар ұзындығы 300 метр құрақ көрпе тіккен.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ САҒЫНДЫҚОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:   аударма Біз өз қаламызды жақсы көреміз. Және өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біздің қаламыз ең әдемі, таза. Міне, осы себепті біз қыздармен жиналып, бәріміз бірге осы фестивальге көрпе тігудеміз.

СНХ: ЖАНАРГҮЛ ЖҰМАБЕКОВА, ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

РКС: "Құрақ көрпе Фест" фестивалі ертең 13 шілде, Красный Яр ауылының ипподром алаңында шаңырақ түрінде салынатын болады.

ҚУАНЫШ ҚАЙЫРОВА, РОЗА МАНТАЕВА.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...