ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ВОЛОНТЁРЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

18:03, 18 мамыр 2020

 

ДИКТОР: «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы волонтерлық жобалар бойынша шағын гранттар байқауын ұйымдастыруды қолға алып отыр. Жергілікті ұйым оның үйлестірушісі. Қазіргі күні өтінімдер қабылдау жалғасуда. Волонтерлық жұмыстар экологияны жақсарту мен тарихи мұраны сақтауды көздейді.

РКС: Байқау екі бағыт бойынша өтеді. Алғашқысы –экологиялық ағарту, көгалдандыру, өзендер мен көлдерді тазалау, жануарларды қорғау жұмыстарын қамтитын жобалар. Екіншісі – тарихи-мәдени мұраларды жандандырмақ. Республика бойынша үздік деп танылған 68 жоба иегері 300 мың теңгелік грантқа ие болып, бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ (ҚАЗ) //18 жастан асқан азаматтардың жобалары бар болса, өтінімдерін беруге болады. Жас аралығы 18 жастан басталу себебі, қаржы берілетін болады. Сол қаржыға өзінің жобасын іске асыру керек. //

РКС: Кәмелетке жасы толмағандар жобаға жетекші ұстаздарымен қатысса болады. Лаура 10-сынып оқушысы. «Жас ұлан» ұйымына қабылданғанына 4 жыл болған. Қоғамға пайдалы болуды қалайтын ол жобасын әзірлеп, байқауға қатыспақ.

СНХ: ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ВОЛОНТЁР(қаз)//Жоба тарихқа байланысты. Қазіргі кезде әр адам өзінің тарихын білуі керек. Қазақ деген ұлттың қайдан дарығанын білуі тиіс. Сондықтан да мен қазіргі балалардың өзінің өткенін нақты білуі үшін виртуалды түрдегі жобамды ұсынып жатырмын. Алдағы уақытта тапсыратын боламын.

РКС: Байқау 23 мамырға дейін жалғасады. Айта кетейік, өтінім берушілер Qazvolonteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс. Ал, өтінімдер жоба тақырыбына қарай арнайы электронды почталар арқылы қабылданады.  

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...