ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

15:37, 20 қаңтар 2020

Президент Жарлығымен биылғы жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланғандықтан Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жанынан волонтерлік қозғалыстың орталығы ашылды. Оның құрамына этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері кіреді.  

Қазақстан Халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жанынан ашылған волонтерлік қозғалыстың орталығында ашық есік күні өтті. Қатысушылар үшін орталықтың мақсаты мен бағытын айқындайтын тұжырымдама таныстырылды. Еріктілер қозғалысының жауапты маманы Динара Кәкпенованың айтуынша, кез-келген ерікті волонтер атана алады. Ал, ол қозғалысқа тіркелу орталықтағы онлайн өтініш арқылы іске асырылады. 

ДИНАРА КӘКПЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ:

Оның мерзімі шексіз. Еріктілер бізге әр уақытта кіре алады. Нақты әлі де саны жоқ. Біздің орталығымыз енді ашылып жатыр. Болашақта еріктілердің саны көбейеді деген үміттеміз.

Еріктілер қозғалысының ашық есік күніне келген қатысушылардың арасында «Жас Отан» жастар қанатының өңірлік мамандары да болды. Олар да өз кезегінде «Еріктілер жылына» орай ұйымдастырылып жатқан жаңалығымен бөлісті. Яғни, жастар ісін қолға алған мамандар облыстық филиал жанынан 3 айлық еріктілер мектебін ашпақ.

ГҮЛНАЗ БӨКЕШ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Біз еріктілерді оқытып, тек қана осы жылда емес, алдағы уақытта да елімізге өз үлестерін қосады деген үміттемізпен ашып отырмыз. Осы мектептің жоспары бойынша біз оларды оқытамыз. 3 ай аралығында біздің Ақмола облысының ең мықты деген спикерлері өздерінің матер кластарын береді. Яғни медецина, қауіпсіздік болсын. 50-60 шақты адамды жинайын деп жатырмыз.   

Волонтерлік қозғалыс  жұмысының нәтижесі өңірдегі еріктілердің санын арттырумен бағаланады. Әрі өскелең ұрпақ арасында өзін-өзі ұйымдастыру, патриотизм, әлеуметтік жауапкершілік, мейірімділік пен өзара көмектесу сынды сезімдерді қалыптастырмақ.

Авторы: Айгүл Бекетқызы

Операторы: Бауыржан Смағұл

Монтаж: Жамбыл Балтаев

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...