ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҰЙЫМ КӨМЕКШІЛЕР ІЗДЕЙДІ

17:48, 14 мамыр 2020

 

 

ДИКТОР: «Доброе сердце lider.kz» волонтерлық ұйымы волонтерлар іздейді.  Олар 5 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып келеді. Сырқат  жандардың еміне қаражат жинайды.  Мәселен, биыл ең көп жиналған қаржы  1 млн  200 мың теңге. Бұл ақшаға  екінші топтағы мүгедек  Дина Құрманғожинаға  тыныс  алу аппаратын алып берді.

 

РКС: Елдегі төтенше жағдай кезінде  ұйым волонтерлары ауызбіршілік танытып,  250  отбасыға  азық-түлікпен көмектесті. 4 баланың еміне қаржылай қолдау көрсетті. Күні бүгінге дейін 12 сәбиге көмек берген. Майдангерлерлерді де құттықтап, қарттарды  да  елеп-ескеріп отырады.  Қазір  ұйымда 400-дей волонтер бар. Алайда  оның  тек 50-60-ы ғана белсенді.  Келесі аптада олар көмекке зәру  500  тұрғынға азық-түлік себетін таратпақ.  Сондықтан,  ұйымға қосымша көмек күші  қажет.

 

СНХ:  ИРИНА  КАТУХОВА,  «ДОБРОЕ  СЕРДЦЕ LIDER.KZ»  ВОЛОНТЕРЛЫҚ   ҰЙЫМЫНЫҢ   ЖЕТЕКШІСІ/// РУС/ Біз мейірімді жандарды өз ұйымымызға қосылып, қайырымдылық жасауға шақырамыз. Қаржылай көмек беріңіз демейміз. Өйткені, қазір  қатарымызға  біртіндеп демеушілер қосылуда.  Бізге тек жәрмеңке, түрлі шара ұйымдастыруға көмектесетін, жастарды ізгі амалдар жасауға насихаттайтын  жандар қажет.

мы  призываем  людей, чтобы  присоединиться к нам, чтобы больше людей оказывали  помощь.  Мы не говорим финансово, сейчас в данный момент фонд наш начинает функционировать . к нам присоединяется спонсоры.сейчас нам нужны просто люди, чтобы могли нам помощь, где-то устроить какую-то ярмарку, где-то провезти мероприятия. Призывать молодежь к благотворительности. Какие-то брошюрки раздать.

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
19:33, 21 қазан 2020
ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар