ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҚ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ

19:13, 29 қараша 2019

 


Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тұңғыш Президент-Елбасы негізін қалап, жүзеге асырған ауқымды жобалардың бірі. Көпұлтты мемлекеттің келешегі кемел болуы үшін оны мекендейтін ұлттар арасында татулықтың тұғыры мығым болуы шарт. Осы орайда, Елбасының ерен еңбегіне зор баға беретін Ақмола Ассамблеясы өзінің 22-ші сессиясын Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырды. Сессия отырысына қатысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының артуы аймақты мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің бірлігінің арқасында» деп баға берді.

Ақмола облысы – көп ұлтты аймақ. Тұрғындардың 51 пайызын – қазақтар, 32 пайызын – орыс ұлтының өкілдері, 4 пайызын украиндықтар құрайды. Татар, неміс, шешен, корей, армян, әзірбайжан, поляк ұлттарының өкілдері де ынтымағы жарасып, тату-тәтті өмір сүруде. Бұл ретте Ақмола Ассамблеясының ауқымды жұмысын атап кетпесе болмас.Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесінің құрамында 60-тан астам орталық жұмыс істейді. 12 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, науқас жандар мен көп балалы аналарға 10 миллионнан астам қаражат жиналған. Республикалық дәстүрлі «Мың бала» жобасы мен «2019 жыл – Жастар жылы» жалпықазақстандық диктантқа 18 мыңнан астам түрлі этностан құралған ақмолалықтар қатысқан. 

СНХ, ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының 27-ші сессиясында сөйлеген сөзінде біз экономикасы қарқынды дамыған мықты мемлекеттік құрдық. Біздің елімізде құрылған этносаралық қарым-қатынас уақыт барысында сыналған және барлығы үшін үлгі болып табылады деп көрсеткен. Нұрсұлтан Назарбаев осы сессияда қазақстандықтардың жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершіліктерін өзіне алуға даяр екенін атап өтті. Бұл ел мен халықтың тағы үшін жауапкершілік болып табылады.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қзаақстан халқы Ассамблеясының жетекшілігімен жалпыұлттық «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедиция» жобасы бастау алды. Осылайша, ел тұтастығын сақтай білген Елбасының ерен еңбегін насихаттау көзделген.Бір шаңырақ астында бірлігі жарасқан халықтардың ынтымағы артып, түрлі ұлт тағдыры тоғысқан қазақ жері толеранттылық тұғырына айналуда.

АЛЁНА СОЛОПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мен арман, еңбек ету, сенім деген ұстанымды ұстаймын. "Армансыз адам - қанатсыз құспен тең" деген қазақ мақалы бар. Біз нақты істермен Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлес қоса аламыз. Қазақстанның болашағы, біздің, жастардың қолында. Бұл болашақты біз бірге қалаймыз!

Сессия отырысы дәстүрлі «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Өңірдегі татулық пен бірлік, қоғамдық келісімді нығайту тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистер қауымына Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етілді..

ВЕНЕРА ЕСҚАҚОВА «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ:

Ақмола облысы ең полиэтникалық аймақ болып саналады. Біздің өлкемізде көптеген ұлт өкілдері татулықта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Біз оған қуанамыз. және осы іске бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ретінде үлес қосуға тырысамыз.

Келер жылы Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтпек. Ұлттар арасындағы татулықтың тұғырын берік қалаған Ассамблея қазақ еліндегі ел бірлігінің жарқын үлгісі болып қала бермек!

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ«КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...