ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ЗАМАНАУИ ХИРУРГИЯ: ЖІКСІЗ ОПЕРАЦИЯ

20:22, 12 мамыр 2020

ДИКТОР: Эндовидеохирургияны медицинаның болашағы деп атайды. Ал Жарқайың ауданында бұл әдіс үш жылдан бері сәтті қолданылып келеді.  Жарқайың – облыс бойынша лапароскопия қолданатын жалғыз аудан. Бұл - қандай операция? Оның артықшылықтары неде? Әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы анықтап көрді.

РКС: Көкшетауда  лапароскопиялық операциялар бұрыннан жасалады. Атбасар ауданы қазір бұл әдісті меңгеруде. Ал ақкөлдіктер операция жасауға қажетті медициналық құрылғыларды енді ғана сатып алыпты. Ал Жарқайың ауданы тәжірибе жинақтап үлгерді. Аудандық орталық аурухана  қажетті  құрал-жабдықтармен 84 пайызға, дәрігерлермен 66 пайызға қамтылған. Ауданның ақ халаттылары қол жеткізген жетістіктерінің көп екендігін айтады.  

СНХ: ИННА РУСЕЛИК,  ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ// РУС// Қазіргі уақытта біз бірнеше зерттеу түрін жүргізудеміз. Атап айтқанда, рентгенографиялық, флюрографиялық, маммографиялық  және  ультрадыбыстық зерттеулер. Коноскопия элементтерімен эзофагогастродуаденоскопия жасаймыз. Лапароскопиялық тіреуді қолдана отырып отаның әр түрін жасаймыз.

РКС:  «Эндовидеохирургия»  - заманауи хирургия бағыттарының бірі. Дәстүрлі техникамен салыстырғанда оның артықшылықтары көп. Соның арқасында бұл әдіс кеңінен белең алып келеді. Ол:

ГРАФИКА:

- адам денесінің ішкі құрылысын  көруге мүмкіндік береді

- тыртық қалдырмайды

- операциядан кейінгі асқыну қаупін азайтады

 

РКС: Бұл  лапароскопиялық әдістің тағы бірнеше артықшылығы бар. Жарқайың аудандық орталық ауруханасында осы тәсілмен өттің тас жолына, бауыр патологиясына, гинекологиялық сырқаттар мен өзге де ауру түріне шалдыққандарға операция жасалады. Биыл аудан хирургтары 69 операция жасап, оның  43-іне заманауи әдіс қолданылды.

 

СНХ: МАХАМБЕТ ДОСМҰРАТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//РУС/ Бұл операцияның артықшылығы отадан кейін науқас жылдам жазылады. Келесі күні ол орнынан тұра алады. 2,3 тәулік өткен соң  науқасты ауруханадан шығарамыз. Ауру жұқтыру, асқыну қаупі аз. Егер отаны іш қуысына 4 жыл бұрынғыдай дәстүрлі әдіспен жасасақ, науқас тек 3-6 айдан кейін ғана қалпына келер еді.

РКС: Өкінішке орай Жарқайың ауданында дәрігерлер тапшылығы сезіледі. Жалпы алғанда 22 маман, оның ішінде 13 дәрігер жетіспейді.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  САНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ОРАЗХАН ЗЕЙНОЛЛА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...