ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЗАМАНАУИ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ

18:22, 23 қазан 2020

ДК: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қашықтан білім беру жүйесіне негізделген конференц-зал  ашылды. Жаңартылған білім мазмұнына сай сыныпқа заманауи қондырғылар орнатылған. Конференц-залдың артықшылығы көп.  Яғни, қашықтан бейнебайланыс орнатумен қатар, берілген ақпаратты үш тілде тыңдау мүмкіндігі де қарастырылған.

РКС: Колледж оқытушыларының  қуанышында шек жоқ. Себебі, дәл осындай жаңартылған сыныпта дәріс оқып, сабақ беру  әр ұстаздың арманы. Тұсаукесер салтанатында  конференц-залдың мүмкіндіктері таныстырылды. Барлық қондырғылар  арнайы тапсырыспен алынған. Бағасы 9 млн теңге. Колледж директоры өз сөзінде, бұл залда білім сапасының артуына үлкен сеп болатындығын атап өтті.

СНХ: НҰРТАС АХАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//қаз/// Жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалық. Бұл 21 ғасырдағы заманауи білім берудің технологиясын игеруде, білім беруде жаңа иноватциялық комуникативтік, интегративтік мәселелерін шешуге колледжімізде жаңа аудитория ашылды. Бұл біздегі білім беру сапасын жаңа бір деңгейге көтереді деп ойлаймын. Негізгі мақсаттымыз білімнің ең озық технологиясын пайдалану. Сондай технологиялардың бірі осы тілдердің шектеусіз қолданысы деп есептеймін.

РКС: Иә, аудиторияның негізгі ерекшелігі де осында. Яғни,  көп функциялы веб-камералар арқылы конференцияға қатысушылар я болмаса студенттер  үш тілде еркін ақпарат ала алады. Бұл бағдарламаға алдын-ала енгізілген.

СНХ: АЯН ҚАЖЫБАЙ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ///қаз//Бұл конференц-залдың артықшылығы  басқа білім мекемелерінде жоқ «Ейвер 520» камерасымен бейнематериалды 18 есе ұлғайтып көруге болады. Тағы бір басты ерекшелік кез-келген елмен еркін интеграциялық байланысқа шыға аламыз. Үш тілділікте бағдарламаға еңгізілген. Яғни, кез-келген модератордың тыңдаушы өзіне қажетті тілде қосып тыңдай алады.

РКС: Жаңартылған аудиторияларда сапалы білім беру оқу ордасының басты міндеті. Айта кету керек, осыған дейін колледждегі екі сынып ІТ орталығы ретінде жабдықталған.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ТҰРАР САҒЫНДЫҚ, ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар