ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЗАМАНДАСТАР ЖӘНЕ РОМАНСТАР

17:06, 22 қыркүйек 2017

Шағын музыкалық кофеханаға қаланың ең талғампаз ән сүйер қауымы жиналды. Музыка саласында білім алып жүрген студенттер мен бұл салаға қатысы жоқ қарапайым көрермен қауымның басын бір арнаға тоғыстырған романстар кеші өте ерекше көңіл-күйде өтті. Микрофонсыз, жанды дауыста орындалған шетел, орыс, қазақ композиторларының танымал шығармалары мен әртістердің шеберлігі көрермен көңілінен шықты.

Бұл жолғы романстар кеші әдеттегідей сахнада емес, кіреберіс фойеде өтті. Мұнымен қоса, әсерлі кештің куәсі болған өнер сүйер қауымға кофе мен тәттілер ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа форматтағы іс-шараны бұдан былай дәстүрге айналдыру жоспарда бар.           

Айта кетейік, 5-қазан күні Ақмола облыстық филармониясы 71-ші ашылу маусымын салтанатты түрде атап өтіп, филармонияға ресми түрде Үкілі Ыбырайдың есімін беру рәсімін өткізуді жоспарлап отыр. Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
12:56, 24 қазан 2017
БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...