ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ӘДІЛДІК АЙНАСЫ

19:05, 12 наурыз 2019

РКС: Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміровтің жұмыс сапары Зеренді ауданынан басталды. Жиын барысында қазіргі қоғамда жиі кездесетін дауларды барынша азайту, оны оңтайлы шешу жолдарының өзекті мәселелері егжей - тегжейлі түсіндірілді. Осы орайда жұртшылықа түңгі сот, билер кеңесі, отбасылық сот, дауды бейбіт жолмен шешу, Медиация заңы мен оның қолданыстағы артықшылығы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Кездесуден кейін, облыстық соттың төрағасы аудан халқын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

СНХ: ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /// Елбасымыз бен Жоғарғы Соттың төрағасы нақты алдымызға тапсырма қойып отыр. Халықтың алдындағы соттың беделін өсіру. Заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету. Міне, осы екі мәселені алға қойып келіп отырмыз. Сонымен қатар ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов былтырғы жылы алдымызға 8 түйіннен тұратын негізгі тапсырмаларды қойды. Сол тапсырмалар қалай орындалды?, ол тапсырмалардың берері не?, қандай жақсылығы бар?. Ол мәселелердің деген мәселелерді айтып халыққа жеткізіп жатырмыз.  ///    

РКС:  Бұдан әрі сот төрағасының халықпен кездесуі Сандықтау ауданында жалғасты. Жиында дауларды бейбіт жолмен шешуге басымдық беру, татуластыру рәсімдерін дамыту  мәселелері тілге тиек етілді. Сот Төрағасы Елбасының 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 95 пайызға дейін жеткізу туралы тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыруға әрбір қазақстандық ат салысу қажет екендігін атап өтті. «Билік айтқан би емес, бітістірген би» демекші, аймақтарда билер кеңесі қызметін бастағаны белгілі. Бұл өз кезегінде азаматтар арасындағы адами қасиеттерді сақтай отырып, бүгінгі қоғамның бірлігін нығайтуға қомақты үлесін қосатын болады. 

СНХ:  БАХЫТЖАМАЛ СЕЙІТЖАНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /// Ауданда мәні мен мазмұны мол кездесу өтіп жатыр. Жиында Заң үстемдігін қамтамасыз ету, Медиация заңының қолданыстағы артықшылықтары жан - жақты түсіндірілді. Мен өзім аудан көлемінде қоғамдық медиатор ретінде қызмет атқарамын. Басты мақсат - дауды сотқа дейін жеткізбей-ақ, екі жаққа да тиімді келісім арқылы шешу.  /// 

РКС:   Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың негізгі бөлігі жаңа технологияларды пайдалана отырып, халықтың уақытын мейлінше үнемдеуге бағытталған. Осы орайда жергілікті жерде үлгілі сот, цифрлы портал, сотпен халық арасында тікелей бейне аудио байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдірудің маңызы орасан. Жиында аудан белсенділері сот төрағасына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, оларға тұщымды жауап алды.  Заң жүйесіндегі реформалар мен жаңашылдықтарды жалпақ жұртқа түсіндіруге арналған кездесулер аймақтың алты ауданында жалғасу үстінде. 

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...