ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

18:42, 20 қаңтар 2020

Ақмола облысында «Браконьер» жедел-алдын алу шаралары өтуде. Алғашқы екі аптаның нәтижесі қандай, браконьерлерді қандай жазалар күтуде? Бұл сұрақтардың жауабы келесі бейнематериалда.   

Міне, 14 күннен бері    Полиция қызметкерлері орман шаруашылығы және жанурарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып  аңшыларды тексеріп келеді.  Тәртіп сақшылары аң аулау ережелерін бұзғандар мен браконьерлерді әшкерелеуді мақсат етіп отыр.  

СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

6 қаңтардан 5 ақпанға дейін Ақмола облысы аумағында табиғатты қорғауға арналған заңдардың бұзылуын анықтап заңбұзушылықтармен күресуге бағытталған «Браконьер» жедел-алдын алу шаралары өтуде. Әсіресе Аңшылық қаруларын тасымалдау мен көші-қон заңнамаларын тиісінше орындауға ерекше назар аударылуда. Сондықтан да оқ-дәрілер мен қарулардың тиісті құжаттарының болуы қадағаланып, барлық көліктер тексерілуде.

Шара барысында арнайы мобильді топтар 127 әкімшілік заңбұзушылықты анықтады. Оның 68-і аңшылық ережелерін бұзса, 26-сы  заңсыз балық аулау бойынша Балық ресурстарын заңсыз аулау және аң аулау бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 9 заңсыз қару тәркілеген.

АНАР ТҮКЕНОВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» өткен жылғы 28 қазан және 27 желтоқсандағы Заң аясында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Заңсыз аң аулау қылмыстық құқық бұзушылықтан жеңіл қылмыс санатына ауыстырылды. Сонымен қатар, браконьерлікке , жануарлар әлемін қорғау инспекторлеріне қысым көрсету, өмірлеріне қауіп төндіруге байланысты заңдар күшейтілді.

Заңсыз аң аулаған үшін 337-баптың 1 тармағында 3000 АЕК мөлшеріндегі айыппұл немесе 800 сағат қоғамдық жұмыс, я болмаса 3 жыл бас бостандығынан айыру және белгіленген қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы күтуде. Айта кетейік, жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде браконьерлікпен айналысқан 40 жасар аңшыны құрықтады. Және бірнеше заңсыз қару тәркіледі. Қазіргі уақытта  тергеу жұмыстары жүруде.   Сонымен қатар, заңсыз аң аулаудың, ақбөкендерді сатып алу мен сатудың алдын алу үшін 15-25 қаңтар аралығында облыста кең ауқымды «Сайғақ» алдын-алу шарасы өткізілуде.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ОКСАНА МАТАСОВА, ДАРХАН САГЫН, КОКШЕ АКПАРАТ.

ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕН АЛЫНҒАН.

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ  БАСУ  ҚАУПІ  ЖОҒАРЫ
20:22, 19 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
17:45, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...