ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҰРЫНБАУ ҚАЖЕТ

19:24, 2 сәуір 2020

 

 

ДИКТОР: Пандемия туралы жалған ақпарат таратып, тұрғындарды үрейлендірген облыстың 6 азаматына қатысты тергеу басталды. Төтенше жағдай режимін бұзған әкімшілік-құқықтық 80 іс қаралған. «Карантин қоғамның қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Сондықтан, режим талаптары орындалмаса, заң жүзінде жазаға тартылады», - дейді заң мамандары.  

 

РКС: Төтенше жағдай режимінің бұзылуына байланысты облыста 80 іс қозғалып үлгерген. Мәселен, қалыпты режимде жұмыс істеген Целиноград ауданындағы моншаның иесі 15 тәулікке қамалды. Ақкөл ауданындағы мейрамхана, ойын клубы түнгі 22.00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. Сәйкесінше иелеріне  тиісті жаза қолданылды. Ал онсыз да үрейленіп отырған халыққа пандемия туралы жалған ақпарат таратқан 6 азаматқа қатысты тергеу басталды.

ЕСТ ШУМ (3 фейк-ақпарат тарақтан адамдар халықтан кешірім сұрайды)

РСК: Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 247-бабында 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Облыстық прокуратура тұрғындардан карантин кезінде заңсыз әрекеттерге ұрынбауды ескертіп, үндеу жариялады.

СНХ: ЖАНДОС БЕРДІҚҰЛОВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: //қаз//Карантин жалпы қауіпсіздік үшін енгізілген. Оның міндеті – қатаң бақылау енгізу арқылы инфекцияның таралуына жол бермеу. Прокуратура органдары облыс тұрғындарына саналық танытуды ұсынады. Азаматтарды заңсыз әрекеттерден бас тартуға, соның ішінде, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Әрбір азаматтың мүддесі үшін уақытша шектеу шараларын қатаң сақтау керектігін естеріңізге саламыз.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...